6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты


Аналитикалық есеп және оның формалары



бет14/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

4.2. Аналитикалық есеп және оның формалары
Аналитикалық есеп-бұл әрбір банк операциясының бейнеленуін көрсететін нақтылы, түсінікті есеп болып табылады. Аналиткалық есеп қаржыларды қолдану тәртібін және әрбір ұйымның қаншалықты қаржысының бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аналитикалық есепті қаржылық және статистикалық мекемелер де пайдаланады.
Аналитикалық есептің материалдары болып келесілер табылады:
а) дербес шоттар;
б) операциялық журналдар;
в) түгелдеу карточкалары;
г) кітаптар.
Олар әрбір балансты және баланстан тыс шоттар бойынша ашылады. Мысалы, банкаралық есеп айыру бойынша аналитикалық есептің құжаты болып дебеттік және кредиттік тапсырыс қызмет етеді. Тапсырыс өзара есеп айыру бойынша операияны бастайтын банк мекемесінен құрылады.
Қысқа мерзімді несие бойынша міндеттеме бойынша аналитикалық есептің құжаттары болып қарызшадан несие беру кезінде алынған жедел міндеттеме қызмет етеді.
Карточка-паспорт әрбір шаруашылық инвентармен арзан бағалы тез тозатын заттарға ашылады. Инвентарлық карточкалар (түгелдеу карточкасы) әрбір ғимараттар бойынша ашылады.
Операциялық журналдар-анықталғанға дейінгі сомалар есептелетін шоттар бойынша аналитикалық есептің құжаты болып табылады.
Аналитикалық есептің негізгі материалы-дербес шот. Дербес шот клиенттің әрбір шоты бойынша ашылады және олардың белгіленуі бойынша шалай құжаттардың есебін жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржылық және статистикалық мекемелердің келісімімен дербес шоттың әр түрлі формалары қолданылады.
Дербес шоттың реквизиттері:

  1. дербес шоттың нөмірі;

  2. мерзімі;

  3. құжат нөмірі;

  4. корреспонденттік шоттың нөмірі;

  5. операция түрі, айналым сомасы;

  6. дебет және кредит бойынша қалдық сомасы;

Дербес шот орнатылған стандартқа сәйкес 2 дана басылады. Екінші дана клиентке беруге арналған дербес шоттың көшірмесі болып табылады. Бірінші дана банкте қалады.
Банктің дербес беті

Күні


Құжат нөмірі

Корр. Шот нөмірі

Операция түрі

Айналымдар



Қалдық














Дебет

Кредит





























Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет