Түйінді түсініктер: құжат, кіріс және шығыс құжаттары, аналитикалық есеп, синтетикалық есеп, есеп формалары, есеп регистрлері
4.1. Банк операциясын құжаттау, есеп ақша құжаттарының түрлері Құжаттар-жүргізілуі шаруашылық операцияларға заңды күш беретін жазбаша куәлік болып табылады. Құжаттау есеп ақпаратының басы және банк қызметін тұтас үздіксіз көрінісімен қамтамасыз етеді. Құжат дұрыс, ешқандай түзетусіз тапсырылуы керек. Құаттарда тиісті реквезиттер және оған заңды күш беретін көрсеткіштер болуы керек. Оған мыналар жатады:
құжат атауы
банк меекмесінің қызметін пайдаланатын мекемелер
төлеушілер мен алушылардың аттары мен тұрғылықты жері
банктегі шот нөмірі
төлем түрі
операция сомасы
жауапты тұлғалар мен клиенттердің қолдары және олардың мөрінің көшірмесі.
Барлық құжаттарда бух. жазба негізінде копировка болуы қажет, балансты және баланстан тыс дербес шоттар бойынша сомалары көрсетілуі керек. Банктің есеп кассалық, несиелік және т.б. операциялары бух. есеп жүйесінде ақша есесп құжаттары негізінде бейнеленеді. Бұл құжаттар банкке шаруашылық мекемелерден, ұйымдардан және басқа да банктерден келіп түседі. Сондай-ақ құжаттарды банктердің өздері құрады. Бұл құжаттардың жиынтығы банктік құжаттар деп аталады:
банктік
клиенттік.
Банкте құралатын құжаттарға мыналар жатады:
банк аралық есеп айыру бойынша дебеттік және кредиттік тапсырма
мемориалдық және кассалық ордер
қарыз шоты бойынша несиенің қамтылуын талдау нәтижесі бойынша несие бөлімінің өкімі
есеп айыру құжаттардың төлеу үшін несие беру туралы өкім.
Банкаралық есеп айыру бойынша дебеттік және кредиттік тапсырыс операцияның орындалғаны туралы, сондай-ақ басқа қаланың сесп айыруын толтыру кезеңдегі бір банктің екінші банкке хабарламасы ретінде қолданылады.
Мемориалды ордер-төлем тапсырысын бөліп төлеген кездегі операцияны толтыру үшін қолданылады. Ақшаны босату және қабылдау операциясы кезінде толтырылатын кассалық ордерлер кіріс және шығыс бойынша бөлінеді.
Кіріс кассалық ордерге мыналар жатады:
қолма-қол жарнама, хабарлама
кіріс кассалық ордер
ақша қабылдау бойынша түбіртек.
Шығыс кассалық ордерге мыналар жатады:
ақшалай чек
ішкі банк операцияларын жүргізу кезінде қолданылатын шығыс кассалық ордер ( аванс беру , қызметкерлерге жалақы беру, клиенттерге аманат беру, айналымға ақша шығару).
Бух. жазбаларды қысқарту мақсатында операцияның сипатына байланысты құрама құжаттар қалдырылады. Бұл құжаттарда бірнеше операциялар біріктіріліп көрсетіледі. Оған жататындар:
құрама төлем тапсырысы
құрама ордерлер
Баланстан тыс құжаттарға кіріс және шығыс баланстан тыс ордерлер жатады. Бұл құжаттарда құндылықтардың, қатаң есеп бланкілерінің, бухгалтерия мен кассадағы құжаттардың қабылдануы мен берілуі көрсетіледі.
Банк операциясын жүргізуге негіз болатын барлық кассалық және мемориалды ордерлерде оларды тексерген және толтырған бланктерде жауапты тұлғалардың қолдары болуы керек:
а) қосымша тексеруді қажет етпейтін құжаттарда жааупты орындаушының біреуінің ғана қолының болуы да жеткілікті
б) клиенттерден келіп түсетін құжаттар формальды және мәні жағынан тексеріледі.
Формальды жағынан бухгалтер мыналарды тексереді:
реквезиттердің толықтығын
клиенттердің қолы мен мөрінің дұрыстығын
алғашқы және соңғы даналарда ешқандай айырмашылық жоқ екендігін.
Мәні жағынан тексергенде:
құжат қай шоттан төленуі тиіс екендігін
шотта құжатты төлеуге қаржы бар екендігін
қол үлгісінің карточкасы бойынша құжаттарға кімнің қол қойғанын
құжаттың мерзімін.
Ақшалай чек бойынша шаруашылық ұйымдар ақша алғана, шаруашылықтың жауапты тұлғасының төл құжаты тексеріледі.