6. Дәрістер кешені
Тақырып 1. Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары.
Сабақтың мақсаты: Банктердегі қызметтерін ұйымдастыру мақсаттарын ашу, коммерциялық банктердің міндеттерін, негізгі қызметтерін қарастыру.
Сұрақтар:
1.1. Коммерциялық банктерді ашу және олардың қызметтін ұйымдастыру
1.2 Коммерциялық банк: міндеттері, функциялары, және негізгі қызмет шарттары
1.3 Коммерциялық банк қызметін реттеу әдісттері.
Тақырып бойынша кілттік сөздер: есеп, есеп беру, есеп жүйесі, есеп үлгілері, банктегі есеп, банк, коммерциялық банк, есеп объектілері, есеп фермалары, есеп беру формалары
1.1. Коммерциялық банктерді ашу және олардың қызметтін ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақсан Республикасындағы банктер және банктік қызметр туралы» Қазақсан Республикасы заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктің жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 13 жылдық тарихы бар.
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты,әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазасқстанда берліетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық- ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдердек де филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
рұсат алу үшін беретін өтініші;
құрылтайшылық шарт (Түпнұсқа);
банктің жарғысы (Түпнұсқа);
банк жарғысын қабылдау жәнек банк оргнын сайлау туралы хаттама;
құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі бойынша);
құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті емлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;
егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
банктің жетекшілік қызметінде тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйеснде кемінде-үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде-бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;
жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылуы құрылымы (банктің өкілетті органымен бекітідуі тиіс) ;
жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітлуі тиіс);
жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру),(еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);
тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;
нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атыннан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;
басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құрылатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асырыу үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мынларды орындауға тиіс:
ұйымдастырушы-техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мынлар жатады:
♦ брокерлік- мемлекеттің бағалы қағаздарымен;
♦ дилерлік-мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
♦ кастодиандық;
♦ клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |