6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты


Банктің атқарылымдық бөлімшелерін Фронт-офис және Бэк-офис тұжырымдамасына бөлу



бет5/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

2.1. Банктің атқарылымдық бөлімшелерін Фронт-офис және Бэк-офис тұжырымдамасына бөлу.

Банктің атқарымдық бөлімшелерін фронт-офиске және бэк-офиске бөлу тұжырымдамасы. Бухгалтерлік есеп жүйесі дегеніміз, банктің ұйымдастырылуына бақылау жасауға және жоспарлау үшін басшыларға қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында мәліметтерді жинау мен өңдеу жүзеге асырылатын, басшыларға арналған ақпараттық жүйені білдіреді.


Бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі сапалық сипаттарына келесілер жатады:

Бұл сипаттарға ие болу үшін, олар тәуелсіз болу керек, яғни жекелеген бөлімше немесе департамент түрінде құрылған бухгалтерлік есеп қызметін ұйымдастыруды талап етеді.
Бухгалтерлік есеп бөлімшелерінің мінсіз құрылымы жоқ, дегенмен де оның барлық банктерге тән жалпы сипаттамалары болады:

  • банктің барлық ресми шоттарын жүргізу;

  • тиісті ережелерді жасау және қабылдау;

  • тиісті рәсімдердің көмегімен есеп мәліметтерін құрастырушы барлық бөлімшелерге нұсқаулар беру;

  • бухгалтерлік жасауға механизмдерді іске қосу және олрдың орындалуын қамтамасыз ету.

Бухгалтерлік есеп және есептілік үдерісі операциялардың қаржылық нәтижелерін көруге және операцияларды жоспарлау үшін, олардың барысын қадағалап отыру үшін қажетті қаржыларды басқару бойынша ақпараттарды алуға сол сияқты осы операцияларды ары қарай жетілдіру барысында өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесі банктің ұйымдастырылуының негізгі тірегі болып табылады. Бухгалтерлік есептің дамыған жүйесі банк үшін өте маңызды, өйткені ағымдағы шешімдерді қабылдау сәтінде, ол айтарлықтай шамада қаржылық ұйымдастыруға сүйенеді.
Есеп жүйесі дегеніміз, есеп мәліметтерін қаржылық ақпаратқа қайта өңдейтін, өзара байланысты элементтердің жиыны.
Есеп жүйесіне келесідей элементтер кіруі мүмкін:

  • бухгалтерлік есеп бөлімшесі;

  • жұмыс бөлімшелеріндегі есеп бөлімшелері;

  • филиалдардағы есеп бөлімшелері;

  • есеп мәліметтерін өңдеуші орталық;

  • ішкі аудит бөлімшесі.

Жеделдету, клиенттерді тартумен қызмет көрсету сапасын жақсарту, нарықты басып алу, өзінің нарықтық позициясын күшейту, банк операцияларын тиімді нарықтық позициясын күшейту, банк операцияларын тиымды басқару сияқты стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін банк үдерістерінің реинжиниринг бизнесін қолдану керек, бұл банк үдерісін банк үшін де, клиент үшін де тиімді үдерістермен ауыстыруға әкеледі. Клиент үшін оң өзгеріс – операцияларды орындалу мерзімінің қысқаруы, ал банктер үшін операцияларды жүргізуге кететін шығындардың азаюы.


Үдерістердің реинжиниринг бизнесі – бұл банк қызметі нәтижелерінің түбегейлі жақсарту шаралары. Ол шешуші бизнез үдерістерді және онымен байланысты ұйымдастырушылық құрылымдарды, технологияларды, жұмыс әдістерін, физикалық инфрақұрылымдарды және корпоративті мәдениетті қайта бағдарлауды түбегейлі өзгертуді білдіреді.
Банктерде, бәріміз білетіндей, ақша қаржылары – тауар болып табылады. Осы құндылықтарға жүргізілетін барлық бақылау, солар ғана ақша қаржыларының өзгерісін тіркеп отыратындықтан, бухгалтерия арқылы өтеді.
Шығынның, ұрлықтың, сенімді теріс пайдаланушылықтан болатын тәуекелділіктердің алдын алу үшін, банктерге тиісті ішкі банк құрылымын енгізу қажет. Оның негізгі принціпі бір адам немесе адамдар тобы бардық операцияны басынан аяғына дейін толық орындай алмайтындай етіп қызметтерді бөлуден тұрады. Сол сияқты бухгалтер де, құндылықтарға манипуляция жасайтын материялдық жауапты қызметкерлер де бухгалтерлік есепке кіріспеу керек.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет