6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты


Ақшасыз есеп айыруды ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы



бет18/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64
Байланысты:
6 Лекция
Бухгалтер-аудитор, Бухгалтер-аудитор, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 6 Лекция, 6 Лекция, 6 Лекция
5.2. Ақшасыз есеп айыруды ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
Шаруашылық байланыстар банк қызметіндегі қажетті шарттардың бірі болып табылады. Банкпен шаруашылықтың байланыстары келісімдік қатынаспен бейнеленеді, яғни бірінші жақ қызмет көрсетуші, екінші жақ оның клиенті болып табылады.
Есеп айыру қатынасы дегеніміз-ол бірінші жақтың белгіленген мерзімде көрсетілген қызметті төлеу, сондай-ақ банктың келісім міндеттемені орындағаннан кейін оған қарызын қайтаруы болып табылады. Банктер және олардың клиенттері арсындағы есеп айыру нақты ұйымдастырудың мәні зор. Ол:
а) айналым құралдары айналымдылығының жылдамдығына;
б) нақты ақщалардың уақытылы түсуіне;
в) берешектің азаюына әсер етеді.
Барлық ұйым, мекеме, шаруашылық, мекемелер арсындағы нақты ақшасыз есеп айыру банк мекемесі арқылы жүргізіледі. Банктер есеп айыру операцияларын өздеріне ашылған клиенттердің шоты негізінде жүзеге асырады. Банктер:
а) мекемелердің ақшалай қаржыларын шотта сақтайды;
б) түскен ақша сомасын осы шотқа есепке алады;
в) мекемелердің шоттан ақша беру және аударма жасау туралы бұйрығын орындайды;
г) клиенттердің, банктік ержелер мен келісімдерге қарастырылған басқа да банктік операциялар бұйрығын бойынша орындайды;
Банктер есеп айыру операциясын жүргізу кезінде мекемелердің есеп айыру құжаттарының дұрыс толтырылуын және есеп айыру тәртібінің сақталуын бақылап отырады.
Қазіргі кезде ақшасыз есеп айырудың негізгі формалары мынандай:

    1. төлем тапсырысы

    2. төлем талап-тапсырысы

    3. чекпен есеп айыру

    4. аккредитивтермен есеп айыру.

Төлеуші мен алушы арасындағы есеп айыру формасы келісім негізінде анықталады. Есеп айыру бойынша төлеуші мен алушы арасындағы өзара арыздар мен келіспеушіліктер, банктің қатысуынсыз орнатылған тәртіп бойынша қарастырылады. Банк тарапынан жіберілген қателіктер бойынша, қателік жіберген банк мекемесі жауапты болады.
3.Төлем тапсырысымен алдын-ала және кейінгі төлем тәртібі бойынша есеп айыру.
Төлем тапсырысы-мекеменің немесе шаруашылық ұйымның өзіне қызмет көрсететін банкіне өз шотынан қаржыларды аудару үшін берген тапсырмасы.
Төлеуші бекітілген формадағы тапсырысты банкке ұсынады. Тапсырыс жазылған күннен бастап 10 күнге дейін жарамды болып есептеледі. Төлем тапсырысы тек шотта қаржы болған жағдайда ғана орындалуға қабылданады. Тапсырыста төлеуші қандай шот бойынша қандай тауар және қашан алғандығын өрсетуі тиіс.
Төлем тапсырысы төлеушінің меншікті қаржылары есебінен өтеледі, ал егер қаржысы жоқ болса, онда ол банк несиесі сесбінен өтеледі немесе банкпен келісім жасалса №2 картотекаға (7303 шот-мерзімінде төленбеген құжаттар) орналастырылады.
Төлем тапсырысын қолдана отырып, бірнеше тұлғалармен сесп айыруға болады. Бұл жағдайда құрама төлем тапсырысы құрылады. Құрама төлем тапсырысын қолдану еңбек өкімділігін арттырады, өйткені құжатты өңдеуге кеткен уақыт азаяды.
Төлем тапсырысы бойынша төлемдер тауарлы және тауарсыз операциялар бойынша жүргізіледі.
Төлемдердің 90%-ін тауарлы операциялар құрайды.
Тауарсыз операцияларға жататын мыналар:

  • бюджетке төлемдер және басқа да жалақыдан ұстаулар;

  • жоғары тұрған мекемелерді ұстау шығыны;

  • күрделі салымға қаржыларды аудару;

  • банк несиесін өшіруге кеткен қаржылар.

Тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін есеп айыру алдын-ала және кейінгі тәртіппен жүргізіледі. Алдын-ала төлемді жүргізу кезінде төлеуші тауардың бар екендігіне көзі жетуі керек.
Қосылған құнға салынған салық үшін аударылған сома бөлек жолда көрсетіледі.
Төлем тапсырысын алдын-ала тәртіппен төлеу үшін міндетті түрде төлеушінің ағымды шотында меншікті қаржылары болуы тиіс. Егер шотта қаржыыс жоқ болса, тапсырыс қабылданбайды және төлемді жүгізу үшін банк қарыз бермейді. Алдын-ала тәртіппен төлемді жүргізу кезінде жабдықтаушы өзінің шотына қаржылар түскеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде тауарды тиеп жіберу тиіс.
Кейінгі төлем кезінде төлеуші, яғни сатып алушы алдымен тауарды алады, содан кейін тауар құнын төлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет