6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет36/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

10.1.Депозиттерді сақтандыру жүйесі
Депозиттерді қорғау жүйесі Ұлттық банк тарапынан коммерциалық банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі.Ол мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін.Жалпы әлемдік тәжірибедегі сақтандыру институттарына 60 жыл.Салымдары кепілдеу қоры әлемнің 70 елінде,соның ішінде АҚШ, Жапоноия, Германия, Франция, Ұлыбритания елдерінде табысты жұмыс істейді.
Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттері жалпылама қайтарылып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр.Яғни,егер депозиттер сақтандырылса,онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып алуларына себеп болмайды.Тіптен банк күйзеліске ұшыраған жағдайда да,үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі.Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады.Бір немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде,банктік жүйеге түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады.Бұз кезде банктердің міндетіне сақтандыру қорларында белгіленген көлемдегі депозиттерді сақтау бойынша төлемдерді жасау кіреді.Шығындарды жабу үшін сақтандыру жарналары жетіспеген жағдайда мемлекеттік бюджет қаржылары қолданылады.Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерді қайтару кепілділігін беру банктік жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты әдістерінің бірі болып табылады.Банк жүйесіне деген сенімді арттыру мақсатында Қазақстан депозиттерді міндетті сақтандыру жүйесін енгізу жұмысы жүргізіледі.1999 жылы қарашада екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру немесе сақтандыру ережесі,ал 1999 жылы ЖАҚ «Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі» банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік берудің (сақтандыру) қазақстандық қоры құрылды.жарғылық капиталы 1 миллиард тенге құрайтын бұл қор коммерциалық емес ұйым болып табылады.Қор құрылтайшысы-Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі,ал оның мақсаты-депозиттерді сақтандыру жүйесіне қатысатын екінші деңгейлі банктерге салынған жеке тұлғалардың мерзімдік салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету.Қор жұмысының ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең ірі және тұрақты банктері тұрды.Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк,қаржылық жағдайы қауіп тудырмайтын,активтері күн сайын Ұлттық банктің банктік қадағалауымен бақыланатын жүйелі банктер.
Қор Ұлттық банк атынан,мемлекет атынан салымдарды орналастыруға негізгі кепілші болып табылады және егер банктердің қызметі соңғы есеппен табыс іщдеуге әкелсе,онда қор қызметі өзінің жақсы гуманитарлық қағидаларын ұстанғаны.Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына міндетті ұжымдық кепілдік беру ережесіне негіз болған.
Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады.Салым үш валютаның бірінде жүзеге асырылуы мүмкін:теңгеде,АШ долларында және еурода.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет