6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты


Несиелік операциялар есебін ұйымдастыру



бет32/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

9.1. Несиелік операциялар есебін ұйымдастыру
Ағымдағы несиелер бойынша мониторинг несиелерді өтеу киындықтарын және проблемаларды туындау мүмкіндіктерінің алғы сатысында анықтау үшін уақытында оларды шешуі қажет, ал нашарлау несие бойынша қайтарымсыз карызға байланысты мүмкін шығындарды азайту немесе тіпті жою және жылдам эсер етуі керек (мәміленің шартын қайта қарау, кепілді сату, активтердің жойылуы және басқалары). Несиелік офицер жағынан анықталған әре-кеттердің бірқатарын мониторинг берілген несиелер бойынша өзіне қосады:
- ұлттық зандылықтар мен нарықтык конъюнктураның мүмкін болатын өзгерістерін және жалпы экономикалық жағдайында қарыз алушының іс-әрекетін бақылау;
- жүйелі түрде карыз алушылардың басшыларымен және мамандарымен үнемі кеңесуі;
- карыз алушынын қаржылык және шаруашылык кызметіне талдау жасау, кепіл затын тексеру (кепіл затының бар болуын, сапасын, жағдайын және кепіл мүлкінің сақталуын) және несиені мақсатты пайдалануын;
- ең маңызды каржылык ақпараттарды жинау (соңғы айдағы сатудан түскен айналым түсімі, кассадағы ақшалай қалдык, қоймада қалған калдық, соңғы айдағы есеп айырысу және валюталық шот бойынша айналымды талдау кезіндегі дебиторлық және кредиторлық карыздарының жалпы сомасы және т.б.);
- қарыз алушының кайта есептеу кезінде табылған қателіктері мен проблемаларын аныктау;
- проблемаларды шешудің жолдарын табу.
Мониторинг жүргізіліп жатқанда несие алушынын өзінің немесе серіктестерінің несиелік ісіндегі ақпараттар да пайдаланылады. Мониторингті жүзеге асыруда толығымен алынған ақпараттар екі түрге бөлінеді:
үстіртін мониторинг - қарыз алушының несиелік жағдайы-на еш кауіп жоқ кезде жүргізіледі;
терең мониторинг - несиенің мерзіміне, сомасына байла­нысты жүргізіледі немесе қайта есептеу нәтижесінде күрделі жағдай туындаған кезенде, карыз алушы несиені уақытында өтеуге мүмкіндік бермейтін қателіктер жіберген кезде жүргізіледі.
Аи сайынғы үстіртін мониторинг тәртіп бойынша барлық қарыз алушылар үшін жүргізілуі керек. Үстіртін мониторингтің мақсаты -төлемеушіліктің қалыптасуына жол бермеу. Оның бастапқы сатысында көрінген белгілерін алдын ала айкындау. Мониторинг әдісі карыз алушы жобасының жүргізілуін бакылау үшін қажет (шикізат пен материалдарды дер кезінде жеткізіп беру, қүрал-жабдыктарды шығаруға және іске косудың басталуына, өнімдерді шығаруға және өткізуге бақылау, т.б.), жоспарлы нақты аударылу жүргізіледі. Аи сайын жүргізілетін мониторингтен жағымсыз өзгерістер табылған жағдайда терең талдауға ауысуы керек.
Ал егер карыз алушының несиені уақытында өтеу кабілетіне, іс-әрекетіне әсер ететін салдары мен және басқа факторлардан кауіпті белгілер туындаған кезде берілген несиенің мерзімі және сомасына байланыссыз тез арада терең мониторинг жүргізу үсынылады. Аи сайынғы және терең мониторинг жүргізілуінің негізгі бағытының бірі - кепілдік мүлкінің накты болуын және техникалык жағдайын, оның сақталу шартын, сатып алу сүранысын міндетті түрде тексеру керек. Сонымен қатар кепілдік мүлкінің орналасқан жерін және нарықтық кұнын ескеретін конъюнктура нарығын тексеру кажет.
Мониторинг жүргізілу барысында несие офицерінің іс-әрекетінің мынадай жүйелілігі сакталуы керек. Қарыз алушы қызметінің маңызды жақтарын камтамасыз ету, оның кдбілеттілігіне маңызды әсерін тигізетін жағдайды жіберіп алмауы. Бірінші орында карыз алушының жұмысшының жағдайын бағалау кажет және оның жүмыс мүмкіндігінің беталысын, қарызға қызмет көрсету бойынша мүм-кіндігін және болашактағы ниетін, сонымен катар оның опера-циялары табысты боларын, не өзін-өзі актамайтындығын анықтау. Мониторинг жүргізіліп біткен соң банктің міндетті түрдегі эр несие бойынша кұжаттамасына келесі қүжаттарды косып тіркейді:
- келісімшарт жасалғаннан кейін несиені уақытында және толық көлемде кайтару үшін төлемдерді жүзеге асыру қабі-леттілігі бойынша қарыз алушының қаржылық жағдайын тексеру мақсатында қарыз алушы мен банк арасында жазылған хаттар;
несие бойынша кепілді қамсыздандыру үшін үсынылған мүлікті түгендеу актілері;
- қарыз алушының кепілгері немесе кепілдік берушісінің қар­жылық жағдайын көрсететін, бекітілген тәртіппен рәсім-делген қүжаттар;
- несие бойынша төлемдердің уақтылы және толығымен қайталуын бейнелейтін кұжаттар;
Қарыз алушылар өздерінің міндеттерін орындамаған немесе керсінше орындамаған жағдайда банктің тиісті шараларды дамуы туралы қүжаттар.
Жүргізілген талдаулар каржылық көрсеткіштер және солармен байланысты барлык, кателер мен жағымсыз ауытқуларды анықта-ғаннан кейін, болашақта мұндай кателіктерді жібермеу үшін тез арада бұл мәселені қарыз алушы компанияның басшылары жэне мамандарымен бірге талқылап, оңтайлы жоспарын жасау кажет.
Несиенің максаты бойынша пайдаланылмағаны туралы дәлел табылған жағдайда банк несие келісімшартын бұзуы мүмкін және несиелік келісімшартта немесе карыз алушы күнтізбелік графикте көрсетілген несиелік қарызды және аударылган сыйақыны төлеу мерзімін бұзған жағдайда карыз алушы міндетінің шекті мерзіміне жеткізбей өндіріп алу шараларын колданады.
Банк мерзімінде төленбеген соманы аударылмаған несие және алынбаған сыйақы шотына және уақыты өтіп кеткен несие шотына салады. Осы көрсетілген шоттағы қарыз сомасына банкте аи сайын, айдың соңғы күні төлем жүргізілуі кажет. Жекелеген жағдайда қарыз алушы өтінішімен банк кезекті төлемнің мерзімін 30 күннен аспайтын уақытка ұзарту туралы шешім кабылдауы мүмкін. Төтенше жағдайларда қарыз алушының орынды себептері және карызды өтеудің нақты мерзімі қөрсетілген болса, несиеліқ комитет қарыз алушыға мерзімін 30 күннен үзартуға мүмкіндік береді.
Төлем мерзімін 30 күнге дейін ұзарту туралы шешімді банкгің несиелік келісімшартка кол койған уәкілетті тұлғасы, ал 30 күннен жоғарғысын Несиелік комитет қабылдайды. Ал егер несиені өтеудін, және сыйакының мерзімі ұзартылғаны туралы шарт жасалмаған болса, онда банк несиелік келісімшартта карастырылған мөлшерде айыппұл санкция-сын қолдануга құқығы бар, сонымен катар несиені қамсыздан-дырудың барлық түрін қолданады. Несиені және оған сыйақыны өндіріп ала алмайтын жағдайда, банк карызды кайтарудың занды тәртіппен бекітілген шараларын колданады.
Кепілдік беруші, осы Келісімшарт бойынша кепілдікке салынған мүлік бойынша, егер осындайлар болған болса, барлық алдыңғы қепілдіққе зат ұстаушылар жөнінде Кепілдіққе зат ұстаушыны есқертуге міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда Кепілдіққе зат ұстаушы берілген несиені мүліқтен, мерзімінен бұрын өндіріп алуға құқылы.
.Осы Келісімшартта қөрсетілген мүліқтерді қайта қепілдіққе беруге рұқсат етілмейді. Бұл тармақ орындалмаған жағдайда Кепілдікке зат ұстаушы несиені, пайызды және өсімді мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге және қепілдікке салынған мүлікті өндіріп алуға кұқылы.
Кепіл беруші қепілдіққе салынған мүліқті теқ қана Кепілдікке зат ұстаушының жазбаша келісім беруімен ғана сата алады.
Кепілдік беруші өзінің міндеттемелерін бұзған жагдайда, Кепіл-дікке зат ұстаушы кепілдікпен қамтамасыз етілген несиелік міндеттеменің орындалу мерзімі жетпесе де кепілдікке салынган мүліктен өндіріп алуға құкылы.
.Кепілдікке салынған мүліктердің кездейсоқ болатын қауіп-қатер Кепілзат берушінің мойнында болады.
Кепілдікке зат ұстаушы, кепілдікке салынған мүлік есебінен, несиелік келісімшарт бойынша накты қанағаттандырылу сәтіне аныкталған пайыздар мен тұрақсыздыктарды коса есептегендегі толық көлемде канағаттандыруына кұкылы, сол сиякты кепілдік­ке берілген мүлікті үстау шығындары және кепілге берілген мүлікті өндіріп алу шығындары өтелуге тиісті. Несиелік келісімшартта көрсетілген міндеттеменің орындалу мерзімі өткеннен кейін кепілдікке зат ұстаушы несиені қайтар-маған жағдайда, Банк сенімхат бойынша өзінің өкілі сатып-өткізуге құкылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет