6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет28/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

Пайдаланған әдебиеттер: Негізгі: 1,2,5; Қосымша 2,6,10


Тақырып 8. Ақша ағымдарын дисконттау. Болашақтағы және ағымдағы құн
Сабақтың мақсаты: Студенттерге болашақтағы ақша ағымын дисконттау, ақша ағымдарын салыстыруды үйрету.
Сұрақтар:
8.1. Ақша қозғалысы туралы есепті және капиталдағы өзгерістер туралы есепті ашып көрсету.
8.2. Қаржылық қызмет
Түйінді түсініктер: ақша ағымы, ағымдағы құн, болашақтағы құн, дисконттау, дисконт нормасы, жай және күрделі пайыздар
8.1. Ақша қозғалысы туралы есепті және капиталдағы
өзгерістер туралы есепті ашып көрсету
Ақша қозғалысының есебінде есептік кезеңдегі банктің қолма-қол ақша санының өзгеруі туралы ақпараттарды және ақша сомасының көбею көзі, сол сияқты оларды пайдалану бағыты жөнінде көрсетілуі керек.
Ақша қозғалысы жөніндегі есепті дайындау кезінде пайданың көбею көздерін және олардың пайдалану әдістерін бөліп көрсету қажет. Сондықтан банктің таза табысы – тапқан табысы – егер есепті кезеңде ақша нысанасында алынса ақша көзі болып табылады, ал шығындар, егерде олар есепті кезеңде ақша нысанасында жүргізілсе онда ақшаның азаюымен байланысты болады.
№ 3 нысанның «Таза табыспен байланысты ақшалардың қозғалысы» қосымшасында таза табыстың сомасын түзетулерді ескере отырып бейнелеу керек.
Ақша қозғалысымен байланыссыз , алынған таза табыстар мен шығыстардың көлеміне келесі баптар бойынша түзету қажет:

  • амортизациялық аударымдар;

  • провизияны құруға кеткен нақты шығындар сомасы;

  • есептелген, бірақ алынбаған табыс сомасы және сыйақы түріндегі жұмсалған шығындар;

  • сыйақы төлеумен және алумен байланысты емес, алынбаған табыс немесе кетпеген шығындар сомасы.

Сонымен қатар, таза табыс банктің және оның еншілес ұйымының қаржылық жылды аяқтау нәтижесіне байланысты аздық үлесінің сомасына да түзетілуі қажет. Ақша қаражаттары қозғалысының есебі, оларды операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтері бойынша жіктей отырып, кезеңдегі ағымын көрсетуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет