6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет30/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

8.2. Қаржылық қызмет
Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымын жеке ашып көрсету, банк үшін ақшаның болашақтағы ағымына капиталын ұсынған заңды және жеке тұлғалардың қарсылықтарын болжауға мүмкіндік береді. Қаржылық қызметтен түскен жалпы түсімдер мен шыққан ақшалардың негізгі түрлері бөлек көрсетілуі керек. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша ағымдарына келесілер жатады:
-Акция эмиссиясынан түскен ақшалай түсімдер;
- банк акцияларын сатып алу немесе өтеу үшін иемденушілерге ақшалай төлемдер;
-қарыздық міндеттемелерді шығарудан түскен ақшалай түсімдер.
Банктің жарияланған капиталындағы баптардағы өзгерістер сомасы, оның төленбеген бөлігі, банктің сатып авлынған меншікті акцияларының қосымша капиталы және айналымға шығарылған бағалы қағаздары № 3 нысанның 4-қосымшасында «Қаржылық қызмет» көрсетіледі.
Ақша қозғалысымен байланыссыз операциялар –банк резервтерінің қозғалысындағы құрылған провизиялар айналымындағы , есептелінген амортизациядағы сыйақы алумен және төлеумен байланысты және байланысты емес есептелген табыс және шығцыстардағы банктің бөлінбеген таза табысындағы өзгерістер. Бұл мәліметтер № 3 нысанның 5-қосымшасында «Ақша қозғалысымен байланыссыз операициялар» көрсетілген.
Келесілердің құрамындағы өзгерістер ашылу қажет:
-банк резервтеріндегі;
-қолда бар қалдықтарды ескере отырып құрылған резервтер және провизияларды құрауға кеткен нақты шығындар;
-есептелінген амортизациялардың;
-сыйақы алумен байланысты есептелінген табыстар мен шығыстардағы;
-сыйақы алумен байланыссыз есептелген табыс және шығыстар;
-сыйақы алумен байланысты емес, есептелінген табыстар мен шығыстарды;
-банктің бөлінбеген таза табысындағы ;
-басқа да есептелген табыстар мен шығыстардағы.
Банктің қолма-қол және қолма-қол емес ақшаларының және тазартылған қымбат металдардың қозғалысы жөніндегі № 3 нысанның 6-қосымшасында «Ақша» көрсетілген.
Негізгі құралдарды шетел валютасын қайта бағалау, бөлек жолмен көрсетілетін, алтынның фиксингі өзгерген кезде пайда болатын курстық айырмашылықтар секілді ақша қозғалысымен байланысты емес операциялардың нәтижелері ақша қозғалысы жөніндегі есепте көрсетілмейді.
Ақша қозғалысы есебінің барлық баптары толығырақ ақпараттар алу мақсатында ашып көрсетіледі.
Есепте келесідей операциялар бөлек ашып көрсетілуі қажет:

  • өтеу мерзімі белгіленген салымдарды алумен және қайтарумен байланысты ақшалай түсімдер және төлемдер;

  • басқа банктердегі салымдарға ақшаларды орналастыру және сол салымдарджы өтеу;

  • клиенттерге қарыз ретінде ақшаларды ұсыну және осы қарыздарды өтеу;

  • ҚР-ның резиденті болып табымайтын еншілес ұйымдардың ақшалай есептегендегі шетел валютасында жүргізілген операциялардың нәтижесінде пайда болатын ақша ағымдары ақша қозғалысы болып табылмайтын, валюталар бағымының өзгерісінен алынған өткізілмеген табыстар мен шығындар;

  • Төтенше жағдайлардың нәтижесінде пайда болатын ақша ағымдары;

  • Банктерде жеке ашып көрсетіліп, операциялық қызмет ретінде жіктелінетін , алынған және төленген сыйақылардан алынатын ақша ағымдары;

  • Инвестициялық және қаржылық қызметке тікелей жатқызылатын жағдайларды санамағандағы, операциялық қызметтен алынатын ақшалай ағымдар санатына жататын және бөлек көрсетілетін, табыс салығына байланысты пайда болатын ақша ағымдары.

Еншілес немесе тәуелді ұйымдарға салған, құн әдісімен немесе үлестік қатысу әдісімен есептелетін инвестициясы бар банктер, олар жөніндегі ақпараттарды ақша қозғалысы жөніндегі есепте ұсынған кезде, банктер мен еншілес немесе тәуелді ұйымдар арасындағы ақшалай ағымдар жөніндегі мысалы, дивиденттер мен қарыздар бойынша ақшалай ағымдар жөніндегі ақпараттармен шектеледі.
Біріккен қызметтегі қатысу үлесі, болатын есептілікті үйлесімді шоғырландыру әдісін пайдаланып ұсынатын банктер, ақша қозғалысы жөніндегі шоғырландырылған есепке, бірігіп бақылау жасалатын заңды тұлғаның ақшалай ағымдарының үйлесімді үлесін қосады. Біріккен қызметтегі қатысу үлесін есептілікке ұсыну үшін қолданған кезде, ақша қозғалысы жөніндегі есепке, бірігіп басқарылатын заңды ұйымдарға инвестиция салумен бөліп таратулармен және банкпен бірігіп басқаратын заңды ұйымдар арасындағы басқа да төлемдермен немесе түсімдермен байланысты ақша ағымдары қосылады.
Еншілес ұйымдарды сатып алумен және сату нәтижесінде пайда болатын ақша ағымының жалпы сомасы бөлек көрсетіліп, инвестициялық қызмет ретінде жіктеледі.
Банк есепті кезеңде еншілес ұйымдарды сатып алу бойынша да, өткізу бойынша да келесілерді ашып көрсетуі керек:
-сатып алудың немесе өткізудің жалпы құны;
-иемденудің немесе өткізудің жалпы құнының ақшамен немесе олардың баламаларымен төленген бөлігі;
-иемденген немесе сатып өткізілген еншілес ұйымдарға тиесілі ақшаның және олардың баламаларының сомасы;
-әрбір негізгі санат бойынша ақшадан немесе оның баламасынан ерекшеленетін еншілес ұйымдардың сатып алған және өткізген активтері мен міндеттесмелерінің сомасы.
Еншілес кәсіпорындарды сатып алудан немесе сатудан алынған ақша қозғалыфстарының нәтижесін сатып алынған немесе сатылған активтер мен міндеттердің сомаларын жеке көрсете отырып бөлек ұсыну, бұларды операциондық, инвестициялық, қаржылық қызметтер бойынша басқа ақша ағымдарынан бөліп көрсетуге мүмкуіндік береді.
Еншілес ұйымдардың сатып алу және өткізу кезінде төленген немесе алынған ақшаларының жалпы сомасы ақша қозғалысының есебінде еншілес ұйымдардың бірге алынған немесе төленген ақшалар мен олардың баламаларын шегере отырып көрсетіледі.
Банктің қаржылық есебінде бөлек нысан ретінде көрсетілетін, меншікті капитал қозғалысының есебінде келесідей ақпараттар болуы және ашылуы керек:
-есепті кезеңдегі таза табыс және шығын;
- басқа да стандарттардың талаптары бойынша тікелей капиталға қосылатын табыстар мен шығындардың әрбір бабы және осындай баптардың жалпы сомасы;
- есеп саясатындағы өзгерістер мен түбегейлі қателердің түзетулерінің жиынтық әсері;
-құрылтайшылармен капитал бойынша операциялар және оларды орналастыру;
- кезең бойынша әрбір өзгерісті жеке аша отырып, есепті кезеңнің басында жинақталған таза табыстың немесе шығынның сомасы;
-есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы бабының баланстық құнын капиталдың әрбір акция эмиссиясынан түскен табысты және әрбір резервті өзгерісті жеке аша отырып салыстырып тексеру.
Есепті кезең ішіндегі банк капиталындағы өзгерістер таза активтердің көбеюін немесе азаюын және қабылданған және таза қаржылық есептілікке ашып көрсетілген бағалаудың нақты принципіне тәуелді болатын есепті кезең ішіндегі қаржылық жағдайды көрсетеді. Акционерлермен жүргізілетін капиталға инвестиция салу, дивидендтер сияқты операцияларды қоспағанда, капиталдағы жалпы өзгерістер, есепті кезең ішіндегі банк қызметінің нәтижесінде пайда болатын сомалық табыстар мен зияндарды білдіреді.
Банктер , меншікті капиталдың қозғалысы туралы есептегі капиталдың әрбір бабы бойынша, алынған табыстарды алу мен қайта бөлу, банктің акцияларын шығару мен қайта сатып алу, қайта бағалау нәтижесінде болатын өзгерістердің және капиталдағы басқа да өзгерістердің мәні мен сомасын ашып көрсетулері керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ақша ағымының элементтеріне нелер жатады?

  2. Ақшаның ағымдағы және болашақтағы құнын қалай түсінесіз?

  3. Дисконттау не үшін қажет?

  4. Дисконт нормасы қалай белгіленеді?

  5. Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі қандай әдістермен жасалады?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет