6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет55/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
Байланысты:
6 Лекция
Бухгалтер-аудитор, Бухгалтер-аудитор, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 5081936802007 Қаржылық есеп У1Б 01.04.2020, 6 Лекция, 6 Лекция, 6 Лекция
Түйінді түсініктер: салық, салық ставкасы, салықтық жеңілдіктер, салықтық шегерімдер, салық базасы, салықтық преференциялар


14.1. Жеке табыс салығы және шегерімдер және шегерімдер
Жеке табыс салығының төлеушілері салық жылында салық салынатын табысы бар тұлғалар болып табылады.
Жеке табыс салығын төлеушілерге жеке тұлғалы Қазақстан Республикасының азаматтары,шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жатқызылады.
Салық кодексінде көрсетілген табыстарды есептемегендегі,жеке табыс салығының салық салу объектісі болып келесі табыстар:

  • төлем көзінен салық салынатын (қызметкерлер табысы,бір жолғы төлемдерден алынатын табыс, жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілетін зейнетақы төлемдері, дивиденттер,сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс, стипендиялар,жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы);

  • төлем көзінен салық салынбайтын (мүліктік,жеке кәсіпкердің,адвокаттар мен жеке нотариустардың салық салынатын табысы, т.б.).

Жеке тұлғалардың шегерімдер жүргізуге құқығы бар:



  • салық жылы ішінде табыс алынған әрбір айға белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома;

  • салық жылы ішінде табыс алынған әрбір айға белгіленген асырауындағы отбасының әрбір мүшесіне айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сома;

  • жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде төленетін міндетті зейнетақы жарналары.

Дивиденттер, сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақыларды қоспағанда) мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Төлем көзінен салынатын жеке табыс салығын есептеу есепті жыл аралығында ай сайын жүргізіледі.Ол үшін қолдануға «қайта есептесу коэффиценті» және «салық салынатын жылдық табысты есептеу сомасы» енгізіледі.
Қайта есептесу коэффиценті бұл салық салынатын табыстың және оған салынатын табыс салығының есептесу сомалары анықталатын мерзімге айлар санының қатынасы, яғни қаңтарда-12(12:1),ақпанда- 6(12:2),наурызда – 4 (12:3).
Жеке табыс салығын банк қызметкерлерімен төлеу табыс көзінен салықты ұстап қалу арқылы жүзеге асырылады. Төлемді жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар оны есептеуді жүзеге асыруға міндетті.Төлеушілерге орналасқан жері бойынша салықты төлейді.
Жеке табыс салығы банк шығыстарына жатады.Бұлар бойынша шығындар есептелінген жағдайда банк келесі өткізбелерді жүргізеді:
- еңбекақыны есептеу:
Дт 5720 «Еңбекке ақы төлеу және міндетті аударымдар бойынша шығыстар»
Кт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»- табыс салығы сомасына
- кейіннен жалақы берумен
Дт 2854 «Банк қызметкерлерімен есеп айырысу»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу »- табыс салығы сомасына
Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкідегі корреспонденттік есеп-шоты бойынша».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет