6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет57/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64
Байланысты:
6 Лекция

14.3. Басқада салықтар
Мүлікке салынатын салық
Банк мүлік салығының төлеушісі болып табылады.Салық салу обьектісі болып негізгі құралдар және материалдық емес активтер болып табылады.
Төмендегілер салық салу обьектісі болып табылмайды:

  • жер салығының салық салу обьектісі болып табылатын жер;

  • осы себеппен көлік құралдары;

  • Қазақстан Респуликасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған негізгі құралдар;

  • жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомабиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары;

  • инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға жаңадан енгізілген негізгі құралдар.

Заңды тұлғалар,соның ішінде банктер бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша есептелінген салық салу обьектілерінің орташа жылдық құнына 1пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есесптейді.Жаңадан құрылған құрылыстар,ғимараттар,мекемелер бойынша мүлік салық олардың құрылу жылынан кейінгі салық жылында жүргізіледі.Салық кезеңі ішінде салық саклу обьектілеріне меншік құқықтары берілген жағдайда,салық сомасы бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1қаңтарынан бастап,ол меншік құқығын берген айдың басына дейін есептелген салық сомасы,одан кейінгі төлеушіге оның меншік құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең ішінде есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Банктердің салық салу обьектілері бойынша салық базасы бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша есептелінген орташа жылдық қалдық құны болып табылады.
Бухгалтерлік есеп негізінде банктің негізгі қаражаттарының келіп түсуін және есептен шығуын анықтау үшін тізімдеме толтырылады.Жыл соңында мүлік салығын есептеу үшін салық салу обьектілерінің орташа жылдық қалдығын анықтау қажет,ол ағымдағы салық жылының әр айының 1-індегі және одан кейінгі айдың 1-індегі салық салу обьектілерінің орташа жылдық қалдық құндарын қосу нәтижесінде алынған соманың он үштен бір бөлігі ретінде анықталады.
Мүліктің табыс әкелетіндігіне немесе әкелмейтіндігіне байланыссыз осы салықты төлеуден босатылмайды. Салық салу обьектілері басқа облыстарда (аудандарда) орналасқан, тармақталынған филиалдар желісі немесе өкілдіктері (заңды тұлға құрмай) бар банктер төленуге тиісті салықтар сомасын обьектілердің орналасу жері бойынша төлейді.
Мүлік салығын есептеу және төлеу кезінде келесі бухгалтерлік өткізбелер жүргізіледі:

  • ағымдағы төлемдерді есептеген кезде:

Дт 5765 «Заңды тұлғалардың мүлік салығы»
Кт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;

  • ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспанденттік есепшоты».
Көлік құралдарына салынатын салық
Банк балансында көлік құрлдары болған жағдайда көлік құралдары салығының төлеушісі болып табылады.Салық салу обьектісіне мемлекеттік тіркеуге жататын тіркемелер жатпайды.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасы салық салу обьектісінің (яғни көлік түрі),салық мөлшерлемесін,түзету коэффиценттерін негізге ала отырып есептелінеді және белгіленген мөлшерлеме бойынша жыл сайын төленіп отырады.
Банктің бухгалтерлік есебіндегі көлік құралдары салығы бойынша өткізбелер жүргізілу тәртібі:

  • ағымдағы төлемдерді есептеген кезде:

Дт 5766 «Көлік құралдарының салығы »
Кт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;

  • ағымдағы төлемдерді төлеген кезде:

Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі корреспанденттік есепшоты»
Заңды тұлғалар өзінің орналасқан жері бойынша сәйкес салық органына жер салығы,көлік құралдарына салынатын салық және 700.02 нысандағы «Көлік құралдары салығы » бойынша Декларацияға қосымша ұсынулары міндетті.
Нақты төленуге тиіс салық сомасын төлеу немесе артық төленген соманы қайтару есепті жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінде жүргізіледі.
Жер салығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 22 желтоқсан 1995 жылдағы №2717 «Жер туралы» күші бар Жарлығының 8-бабына сәйкес жерді иеелену және пайдалану ақылы болып келеді,ал бұл өз алдына жерге мемлекеттік меншікті жүзеге асырудың экономикалық формасы.
Жер үшін төлем жер салығы түрінде алынады.Жер салығын белгілеудің және өндіріп алудың негізі болып:

  1. Қазақстан Республикасының салық кодексі;

  2. Жерді иелену немесе пайдалану актісі немесе жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқықтарын растайтын өзге де құжаттар;

  3. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша жерлердің мемлекеттік сандық және салалық есебінің мәліметтері.

Салық салу базасы жер учаскесінің ауданы болып табылады.
Банк меншігінде жер учаскелері болғандықтан ол салық төлеуші болып табылады.
Банктер жер салығын өз бетімен әрбір салық салынатын жер учаскесі бойынша тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы есептейді.Егер банктің жер немесе жерді пайдалануы әр түрлі мөлшерлемесімен салық салынатын жер учаскелерінен тұратын болса,онда салықтың жалпы мөлшері учаскелер бойынша сомаларын қосып анықтаймыз.Базалық мөлшерлеме (19-кесте) жердің негізгі мақсатты пайдалануының санаты бойынша белгіленген.
Сонымен қатар, банктер салық кезеңі аралығында жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.Бірінші төлем мерзіміндегі ағымдағы төлем мөлшері бұрыңғы салық кезеңінде іс жүзінде төленген сомалардың төрттен бірі мөлшерінде белгіленеді,екінші үшінші және төртінші мерзімдерде төленуге тиіс ағымдағы төлемдердің сомалары бұрыңғы салық кезеңінде жер салығы бойынша салық Декларациясында көрсетілген нақты салық міндеттемелерінің сомалары негізге алына отырып анықталынады.Бұл ретте ағымдағы төлем ескеріле отырып тең үлеспен төленеді.
Егер банк жерді жыл аралығында сатып алса,онда жер салығы бойынша ағымдағы міндеттемелер пайда болады,оларды төлеудің бірінші мерзімі міндеттеме туындаған күннен кейінгі мерзім болады.Міндеттеме жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің соңғы төлеу мерзімінен пайда болса (20 қазан ), банк салық сомасын келесі айдың 20-нан кешіктірмей төлеуім тиіс.
Жер салығы міндеттемелері бойынша,жер салығы,көлік құралдарына салынатын салық және мүлік салығының Декларацияларына қосымша – 700.01 нысандағы «Жер салығы» және 701.01 нысандағы жер салығының ағымдағы төлемдері бойынша тесептеу толтырады.
Банктің бухгалтерлік есебінде жер салығы бойынша өткізбелерді жүргізу тәртібі:

  • ағымдағы төлемдерді есептеу кезінде:

Дт 5764 «Жер салығы»;
Кт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»;

  • ағымдағы төлемдерді төлеу кезінде:

Дт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»
Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасы ұлттық банкіндегі корреспанденттік есепшоты».
Әлеуметтік салық
Банк әлеуметтік салық төлеушісі болып табылады.Салық салу обьектісі жұмыс берушіге материалдық,әлеуметтік игіліктер немесе басқа да материалдық пайда түрінде көрсетілген табыстарды қоса алғандағы жұмысшыларға ақшалай немесе заттай нысанда төленетін жұмыс берушінің шығыстары болып табылады.Әлеуметтік салық қалыптасу көздеріне байланыссыз,сәйкес салықтарды ұстап қалғанға дейін есептелінеді.
Келесі төлем түрлеріне салықтар есептелінбейді:
1)жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердің міндетті зейнетақы жарналар;
2)пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төленетін өтемдер;
3)жұмыстан босату кезіндегі төленетін өтемдер;
4)сәбидің дүниеге келуі кезінле,ақылы медициналық операциялар жасау үшін,жерлеу кезінде қызметкерлерге көрсетілетін материалдық жәрдем;
5)уақытша жұмыс қабілеттілігін жоғалтқан күндеріне төлем;
6)жүкті болу және босанумен байланысты демалыс уақытына төлем.
Банктер әлеуметтік салықты еңбекақы қорынан 21 пайыз мөлшерлемесі бойынша төленеді.Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары,сондай-ақ қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент шетелдік әкімшілік-басқарушы,инженер-техник қызметкер мамандар үшін 11 пайыз мөлшерлемесі бойынша әлеуметтік салық төлейді.
Әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің тіркеу есебіне алынған жері бойынша есепті айдан кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей жүргізіледі.
600.00 нысандағы әлеуметтік салық жөніндегі декларация салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірілмей тоқсан сайын толтырылып отырады.
Салық салынатын табысты анықтау кезінде төленген әлеуметтік салық сомасы есептелінген салық сомасы шегіде шегерімдерге жатқызылады.
Шегерім мына өткізбеде көрініс табады:
Дт 5763 «Әлеуметтік салығы»;
Кт 2851 «Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет