6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет59/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
6 Лекция

Түйінді түсініктер: қаржылық есеп, қаржылық есеп формалары, бухгалтерлік баланс, ақша қаражаттарының қозғалысының есебі, пайда мен залал есебі, меншікті капиталдың қозғалысының есебі, түсіндірме жазба.
15.1. Қаржылық есеп беруді дайындауды ұйымдастыру.
Қаржылық есеп беруді ұсыну пайдаланушыларды банктің қаржылық жағдайы,қызмет нәтижесі және есепті кезеңдегі оның жағдайының өзгеруі туралы маңызды,қажетті және анық ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейлі банктер үшін жылдық қаржылық есеп берудің келесі нысандары белгіленген:

  • бухгалтерлік баланс (№1 нысанда);

  • табыс және шығыс туралы есеп (№2 нысанда);

  • ақша қозғалысы туралы есеп(№3 нысанда);

  • капиталдағы өзгеріс туралы есеп (№4 нысанда);

  • түсіндірме жазбалар.

Сонымен бірге бұлардың құрамына тоқсан сайынғы қаржылық есептің қолданыстағы нысаны кіргізілген.Банктер сонымен қатар,ай сайынғы және әр күндік балансты да ұсынады.Банктер баланстарды,оған қосымшаларды және қосымша мәліметтерді екінші деңгейлі банктердің есептік-статистикалық ақпараттарын жинақтайтын және өңдейтін «Статистика»жүйесі арқылы Ұлттық банктің есептеу жұмыстары Департаментіне ақпараттарды өздерінің қолдарында бар электрондық байланыс құралдары бойынша жіберу жолымен,сол сияқты банкілік қадағалау Департаментіне қағаз жүзінде ұсынады.
Банктер,есептеу жұмыстары Департаментіне әр күндік балансты 2 жұмыс күні ішінде,ай сайынғы балансты есепті кезеңнен кейінгі айдың ішінде ұсынады.Оннна асатын филиалдары бар банктер әр күндік балансты 3 жұмыс күні ішінде,ай сайынғыны есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 жұмыс күні ішінде ұсынады.
Қорытынды айналымдарды ескере отырып,жылдық есеп беруді ұсыну мерзімін Ұлттық банк белгілейді.
Екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есептілігі,жылдық бухгалтерлік баланс,табыстар мен шығыстар туралы есеп түрінде қажетті аудитролық бекітуден өткеннен кейін міндетті түрде,есепті жылдан кейінгі жылдың 1 мамырына дейін жариялануы керек.
Жарияланғаны жөніндегі мәліметтер банктік қадағалау Департаментіне есепті жылдан кейінгі 15 мамырынан кешіктірілмей ұсынылады.Қаржылық есепті дайындамас бұрын,банктер жылдық есеп беруді дайындау кезеңінде қорытынды операциялар жүргізілуі қажет:
- жіктелген активтер және шартты міндеттемелер бойынша толық көлем провизия құру;
- шетел валютасына,тазартылған қымбат металдарға және бағалы қағаздар құнына,оның ішінде баланстан тыс шоттарға қайта бағалау жүргізу;
– филиалдармен аралық корреспонденттік шоттарды,Қазақстан ішіндегі банктерде.сол сияқты одан тысқары жерлерде ашылған корреспонденттік «Ностро» шоттарын салыстырып тексеру,ал қорытынды айналымдар жүргізілген жағдайда тиісті бухгалтерлік жазуларды құрастыру.
– негізі құарлдарды және материалдарды түгендеу нәтижесіне сәйкес баланстық шоттар бойынша бухгалтерлік жазуларды бейнелеу;
-сәй– банк ережесіне сәйкес сыйақы,демалыс еңбекақысы және т.б жалақы бойынша есептеулер жүргізу және сәйкес бухгалтерлік жазулар жасау;
- жасалған барлық келісімшарттарға (депозиттер,несиелер,банкішілік есеп-айырысулар бойынша)бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес талдау жасау және сәйкес шоттарда көрсету;
– мерзімі өткен активтерді және 180 күннен асатын шектелген несиелерді және 60 күннен асатын мерзімі өткен сыйақыны құрылған провизия есебінен баланстан шығарып,баланстан тыс шоттар қатарына қосу;
– сыйақыларды төлемеу 30 күннен асқан кезде несиелер бойынша сыйақы есептеуді тоқтату;
– болашақ кезең шығындарды шоттарында есепте тұрған сомаларды салыстыру және бухгалтерлік есеп принципіне кес банк шығындарының тиісті шоттарына жатқызу;
– болашақ кезең табыстары шоттарындағы қалдықтарға талдау жасап,бухгалтерлік есеп принципі бойынша тиісті табыстар шотына апару;
– жиналған барлық дербес шоттар бойынша тексеріс тізімдемелерін дайындау және де бұл дербес тұрған әрбір соманы есепке алынған күнін көрсете отырып жазу.
– банктің негізгі қызметі және күрделі салымдар бойынша орынған жұмыстар мен көрсетілгенқызметтер үшін тапсырыс берушілер сатып алушы бойынша дебиторларды салыстырып тексеру.Осындай салыстырып тексеруді тиісті дербес шоттарда есепте тұрған кредиторлық қарыздар бойынша да жүргізу;
– транзиттік шоттардағы дебиторлық және кредиторлық шоттардағы барлық сомаларға (теңге және шетел валютасындағы)талдау жасап,оларды заңды және жеке тұлғалардың тиісті дербес шоттарына есепке алу бойынша шаралар қолдану;
– аяқталмаған құрылыс бойынша орындалған жұмыс көлемін салыстырып тексеру және құрылыстың басынан бері кеткен шығындар сомасын дәлелдеу;
– дебиторлардың шоттарында есепте тұрған сомалар бойынша есеп беруге тиісті тұлғалардан аванстық есептерді қабылдап,оларды банк шығындарының тиісті дербес шоттарында бейнелеу.
Табыс және шығыс шоттары бойынша барлық жазбаларды жүргізгеннен кейін,қалдықтар өз араларында жабылады және 4999 «Салыққа дейінгі кіріс»баланстық шотына апарылады.
Осы бір мезгілде 4999 баланстық шоттан 5999»Табыс салығы »баланстық шотында есепке алынатын есептелінген табыс салығының төленуге тиісті сомасы есептен шығарылады.Табыстың қалған бөлігі ағымдағы жылдың бөлінбеген пайдасы бойынша жеке дербес шот аша отырып 3599 «Бөлінбеген таза табыс (жабылмаған зиян)»шотына жіберіледі Шығындардың табыстан көп болуының нәтижесінде 4999 баланстық шотта пайда болатын дебеттік қалдықтың толық сомасы 3599 баланстық шотқа жеке дербес шот ашу арқылы аударылады.
3581 «Шетел валютасын өткен жылдардағы қайта бағалаудың резевтері»3599 баланстық шотта есептелінетін бөлінбеген таза табыс көлемі анықталғаннан кейін,есептік қаржылық жылдағы өз аквивтерін қайта бағалаудан жиналған оң курстық айырма сомасына қайта бағалау резервтері,3582 «Тазартылған қымбат металдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтері»,3585 «Несиелердің валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып,несиелерді қайта бағалау бойынша өткен жылдардағы резервртері» және 3586 «Салымдардың валюталық баламасын теңге түрінде белгілей отырып,салымдарды қайта бағалаудың өткен жылдардағы резервтер» құрылады.
Акционерлер жиналысының шешіміне дейін 3599 баланстық шоттында есепте тұрған бөлінбеген таза табыс сомасы келесі қаржылық жылдың басында 3580 «Өткен жылдардың бөлінбеген таза табысы »(жабылмаған зиян) баланстық шотына аударылады.Банктің жалпы акционерлері жиналысының шешімі бойынша есептік жылдың бөлінбеген таза табысы келесідей мақсаттарға бөлінеді:
- жіктелмеген активтер сомасын 5% кем емес көлемде резервтік капиталға;
– дивиденттер төлеуге;
– төленген жарғылық капитал көлемін ұлғайтуға;
– басқа да мақсаттарға.
Дивиденттерді есептеу кезінде төленуге тиісті ақшалар 3580 шотынан есептен шығарылып,2853»Акционерлермен есеп айырысу»шотына жіберіледі.Оның қалдығы шегінде 1853 «Акцинерлермен есеп айырысу»шотында есепте тұрған,бұрын есептелген және алдыңғы тоқсан үшін төленген дивиденттер жабылады.Қалған сома акционерлердің есеп айырысу шотына аударылады.Егер қаржылық жылдың соңында банктің шығысы табысынан асып кетсе,3599 баланстық шотында көрсетілген шығын сомасы 3580 шотында есептелінетін өткен жылдардағы бөлінбеген таза табыс және 3510 «Банктің резервтік капиталы» баланстық шотындағы ақша есебінен жабылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет