6. Дәрістер кешені Тақырып Банктердегі есептердің әдістері, мақсаттары. Сабақтың мақсаты



бет62/64
Дата07.02.2022
өлшемі0,61 Mb.
#96238
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
6 Лекция

ашып көрсету
№2-нысаны кірістер мен шығыстар жөніндегі есеп беру қорытынды айналымдарды және қаржылық есеп кестесін ескере отырып жасалған баланстың негізінде құрастырылады.
Банктің табыстары мен шығыстары жөніндегі есепті ашып көрсету немесе оның қаржылық есептілігіне ескертулер бухгалтерлік есептің басқа да стандарттардың талабына сәйкес ұсынылатын ақпаратқа қосымша оны келесідей шығыс және табыс бабтарын өздеріне қосуы тиіс,бірақ мұнымен шектелмеуі керек:
-сйыақы түріндегі және ұқсас (аналогты) табыс;
–сыйақы түріндегі шығыс және ұқсас (анлогты) шығыс;
-дивидент түріндегі табыс;
– комиссиондық және алым түріндегі табыс;
-комиссиондық және алым сомасын төлеу шығындары;
– шығындарды шегергендегі бағалы қағаздарды сату нәтижесінде алынған табыс;
- шығындарды шегергендегі басқа да бағалы қағаз бойынша табыс;
– басқа да операциялық табыс;
– қарыз алумен байланысты шығындар;
- жалпы әкімшілік шығындар;
– басқа да операциялық шығындар.
Банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің алатын негізгі табыстарының түрлеріне сыйақы, қызмет көрсеткені үшін алым, комиссиондық және бағалы қағаздар операцияларының нәтижесі жатады.Табыстың әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек ашып көрсетеді.
Банктің банктік операцияларды жүргізу нәтижесінде пайда болатын шығындарының негізгі түрлерінде сыйақы,комиссиондық қарыздар бойынша шығындар инвестицияның,баланстық құнының төмендеуімен байланысты шығындар,сонымен бірге жалпы әкімшілік шығындар жатады.Шығындардың да әрбір түрі банк қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік алатындай бөлек қарастырылады.
-Сыйақы түріндегі табыс мынадай жағдайларда танылады:
-мәміле жасаумен байланысты банкке экономикалық табыстың түсу ықтималдығы бар болса;
Мәмілеге сәйкес,банктерге контрагенттің ақшасын пайдаланғаны үшін кезінде шығындар пайда болатын жағдайларда ғана сыйақы түріндегі шығын танылады.
Активтерден (міндеттемелерден)алынған нақты табысты (шығысты)есепке алатын уақыт арақатынасы негізінде сыйақы түріндегі табыс(шығыс) танылады.
Банктің табыстары мен шығыстары Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілігі» Заңының 5-бабына сәйкес бухгалтерлік есептің негізін қалайтын барлық принциптерін ескереді.Төлемі келесі жылдары жүргізілетін жыл үшін банктің табысы мен шығыстары жылдың аяғында есептелінеді.Төменде көрсетілген операциялардан туындайтын табыстар мен шығыстар таза негізде анықталады:
-сатып алуға арналған бағалы қағаздардың шығуы және олардың баланстық құнындағы өзгерістер;
-шетел валютасымен және қымбат металдармен жүргізілетін дилингтік операциялар;
-сатуға жарамды,сол сияқты және өтеуге дейін ұсталатын құнды қағаздардың шығуымен және капиталға инвестиция салу.
Қазіргі сәтте табыстардың құрамына қосылып қойылған сомаларды алу мүмкіндігіне қатысты күмәнділік пайда болса,олар табыстың бастапқы танылған сомасына түзету жүргізу арқылы танылады.
Банк өзінің активтеріне және баланстан тыс міндеттемелеріне сипаттама жүргізіп,оларға қарсы Қазақстан Республикасы Ұлттық банк белгілеген шарттар бойынша провизияға және резервтерге қажетті соманы анықтайды.Провизиялар толық сомада қалыптастырылуы керек және табыстың бар жоқтығына тәуелсіз байланыссыз банк шығынына жатқызылуы керек:Қазіргі сәтте шығындардың құрамында тұрған сомаларды Банктің төлемеуі немесе қолданбалы жөнінде сенімділік бар болатын болса,олар шығындардың бастапқы танылған сомасына түзету ретінде танылады.
Бұрын есептен шығарылып тасталған дебиторлық борыштар қайтарылған жағдайда,келіп түскен сомалар ағымдағы жылы олар қай шоттардың есебінен шығарылса,сол баптардың орнын толтырады.Табыстар мен шығыстар жөніндегі есепті аздық үлесі 1001 символы бойынша таза табысты азайтатын көрсеткіш ретінде бөлек бапта көрсетіледі.Бас банк пен еншілес компания арасында кредиторлық және дебиторлық қарыздар болатын болса,бас банктің немесе еншілес компанияның борыштарын сол сияқты табыстар,шығыстар және дивидендтер бойынша топішілік операцияларды алып тастаған дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет