№ 26 Жамбыл атындағы
мектеп - гимназиясы
ШЕШЕНДІК ӨНЕР
(таңдау курсы)
Сынып – 5
Сағаты – 1
Жылдық сағаты – 34
Бағдарламаны құрастырған
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі: Аблязова Г.К.
2014 – 2015 оқу жылы
Келісілген: Бекітемін:
Директордың ғылыми – әдістемелік Мектеп директоры
істері жөніндегі орынбасары ...................... Налиханова Қ.Ү.
.......................... Б.Ж.Қалтаева 1.09.2014 жыл
Түсінік хат
Бұл құрал 5 – сынып бойынша таңдамалы курсқа арналған. Шешендік өнер пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, қазақ кемең-герлері атанған данышпан би – шешендердің шығармаларын насихаттау және тілдерін жаттықтыру, яғни ұлт шешендері шығармаларының мазмұнын аша білу болып табылады.
Курстың өзектілігі:
Оқушыларды шығармашылық ізденіс жұмыстарына баули отырып,
би – шешендер мұраларын тани білуге шақыру.
Мақсаты:
Оқушыларды шешендік өнер тарихымен таныстыру, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру, аты алты алаштың баласына мәшһүр би-шешен-дердің өмірі мен шығармашылығынан ақпараттар беру.
Міндеттері:
Қара сөздің мән-мағынасын аша білуге;
Лирикалық шығармаларды образға салып оқи білуге;
Алған әсерлерін айшықты тілмен жеткізе білуге;
Шығармашылық және ізденіс жұмыстарына баулу.
Оқушылардың даярлығына қойылатын талаптар:
Көркем шығарманы талдай білуге;
Өлеңді нақышына келтіре оқи білуге;
Сөйлеу әдебін меңгерген, ойы терең, рухани дүниетанымы бай, адамгершілігі жоғары, шығармашылықпен айналысатын тұлға қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |