Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.
Сабақбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы(1–7мин)
(Ұ)Ұйымдастырукезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялықахуалорнату. «Дауысынантап»жаттығуы. Төрт түліктің дауысын ести отырып, атауын табады.
Атауларын табады.
Қолдау
https://www. youtube.com/watch?v
250
Сабақтың ортасы(26мин)
Сабақтың күтілетін нәтижесіментаныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ө» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Ө ө» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ө ө» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларындамытужұмысы. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «өрнек» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
«Ө» дыбысының айтылу ерекшелігімен таныстыру.
«Ө» дыбысының таңбасы – оның әрпімен таныстыру.
Жіптен «ө» әрпін жасау.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Әсем қағазға өрнек салды. Өрнегі өте көркем болып шықты. Апасы оны мақтады».