(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысындамытужұмысы. (МК,Ұ, Ө)Оқылым. Оқулықтың 88-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге түсініп оқуы.
«Э» дыбысының сөздегі орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.
«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан
«экология», «экскаватор», «элеватор», «эскимос» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқуына қолдау көрсету.
«Негештен» эскимостар туралы ақпаратты оқып, сыныпта талдауына қолдау көрсету.
(МК,Ө)Жазылым Оқулықтағы «э» әрпінің таңбалануына назар аудару.
«Э» әрпін тақтаға жазып көрсету.
«Э» әрпін ауада жазып көрсету.
Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.
«Э» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
Түймелерден «э» әрпінің сұлбасын жасайды.
Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.
Мұғалімнің қолдауымен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан
«экология», «экскаватор»,
«элеватор», «эскимос» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқиды.
1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы «э» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша
сөздер мен сөйлемдерді жазады.
Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Оқушыларға қолдау көрсету.
Мақтау, қолдау
Түймелер. Әріптің баспа түрі
Сызба, оқулық
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы
2. Әр сабақ соңында өз іс- әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін- өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды:
«жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!», «қызыл» түс –
«Ойлан!».