Білімділік: сөзге дыбыстық талдау жасайды; дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, буын санын анықтайды; буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.
Дамытушылық:сөздік қоры дамиды; байланыстырып сөйлейді.
Тәрбиелік: піспеген жеміс-жидек, көгөністерді үзбеуге, күтіп-баптауға талпынады.
Сабақбарысы
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтіңәрекеті
Оқушыныңәрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы(5мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
Ойсергек. «Екі дыбыс» ойынын ойнату. Сабақ мақсаты хабарланады:
– Балалар, сендер бүгін екі-үш буынды сөздерді ажыратуды және дыбыстарды қосып, сөз айтуды үйренесіңдер.
Бірінші қатысушы бір сөзді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі дыбысынан келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі дыбысына сөз
ойлап табады. Балалар сөзді жасырушының не
Ойын ережесі
49
туралы айтып жатқанын біледі, бірақ ешкім оны дауыстап айтуына болмайды.
Сабақтыңортасы(30мин)
(МК, Ұ) Оқылым. «Суреттер сөйлейді»әдісі бойынша суреттерді сызбаның көмегімен буындап «оқу»:
Ө-рік ал-ма Суреттегі заттардың көпше түрде тұрғанын салыстырту арқылы буындап «оқу»:
Ө-рік-тер,ал-ма-лар «Бұларды бір сөзбен не дейді?» сұрағына жауап алу.
(МК, Ж)Суретке сәйкес дыбыстарды қосып, сөзді айту, сөздерді дыбыстарға ажырату.
(МК,Ө)Жазылым Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:
жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау;
дәптер бетіндегі суреттерді бояу;
үзік сызықтарды бастырып жүргізу.
Екі, үш буынды сөз бен тұтас сөздің ішіндегі дыбыстарды ажыратады.
«оқылады», әр буындағы дыбыстарды бір- бірінен ажыратады.
Алма, өрікті бір сөзбен жеміс деп атайтындығы түсіндіріледі.
Оқушылар әр суретке (бұрыш, сәбіз,картоп,қызылша, қызанақ) сәйкес дыбыстарды қосып, сөзді айтады.
Бұл тапсырманы орындау жұптық жұмыс формасында ұйымдастырылады. Әр жұпқа мұғалім кері байланыс береді. Жұпта орындап болған соң, сыныппен бірге талқылап, бекітіледі.
(МК,Т) Сабақтыбекітужәнесаралау «Сөз тану» айдары бойынша берілген
«Бақта көп қой алма, Көк қой әлі, алма!» жаңылтпашымен жұмыс:
Жаңылтпашты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату және жатқа айтқызу.
Беретін мағыналарына сәйкес «алма» сөздеріне екпінді дұрыс қою үлгісін көрсету: бірінші қатардағы «алма» (жеміс) сөзінің екінші буынын (-ма) көтеріңкі дауыспен оқу; екінші қатардағы «алма» (қимылдық атау) сөзінің бірінші буынын