6 КҮнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгісі



бет102/173
Дата28.07.2023
өлшемі8,22 Mb.
#179651
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   173
Байланысты:
КТП и ҚМЖ әліппе 1 сынып


198


сабақ

Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

І дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қояды.
Дамытушылық: сөздерге тиісті сұрақ қояды және суретке сүйене отырып, жауап береді.
Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.
«Мен суретшімін» ойыны.
Оқушылар бірінің артына бірі тұрады. Бастаушы бір суреттің сұлбасын алдында тұрған оқушының арқасына саусағымен жүргізіп салады. Ал ол оқушы алдында тұрған оқушының арқасына салады. Осылайша соңғы балаға дейін салып шығады. Бастаушы мен соңғы салған баланың суреттері салыстырылады. Егер екеуі екі түрлі болса, қате кеткен ойыншыны табады. Ол ойыншы
ойыннан шығады.

Суретті анық етіп салу қажет.

Қолдау





Сабақтың
ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:
– Балалар, сендер бүгін берілген сөзді,

Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.










199






сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазасыңдар.
Оқулықта көшіріп жазуға берілген
тапсырмаларды дәптерге өздіктеріңнен жазасыңдар.




  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып,

«бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  1. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  2. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

  3. «ы–і» дыбыстары бар сөздерді салыстырып оқиды. «Ы»-ның жуан, «і»-нің жіңішке дауысты дыбыс екенін айтады.

  4. Қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, сөздерді оқиды: ескі зат; сұр тышқан; ақ ешкі; қызыл етік.


  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: үлгі бойынша сөздерді жазады.

  2. Бұл кім? және Ол не істеді? сұрақтарының жауабын сызба бойынша орындайды. Сөйлемдерді дәптерге көшіріп жазады.

Қолдау











Оқулық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет