6 лабораториялық жұмыс Тақырып: электролиттік диссоциация. Буферлі ертініділер Мақсаты


В) Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесіне аттас ионның әсері



бет3/10
Дата08.02.2022
өлшемі52,22 Kb.
#123753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лаб.раб. 6 О.и н. хим.2021 ТФП

В) Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесіне аттас ионның әсері

Конус тәрізді екі пробиркаға 2-3 мл сұйытылған сірке қыш­қылын құйып, бір тамшыдан метилоранж ерітіндісі индика­то­рын қосады. Бір пробирканы салыстыру үшін қалдырып, ал екін­­шісіне микрошпательмен натрий ацетатының біраз кристал­дарын салып, жақсылап араластырады. Екі пробиркадағы ерітін­ділер түсін са­лыстырып, сірке қышқылының диссоциациялану константасының өрнегін пайдаланып, оны түсіндіреді. Тепе-теңдікті аз диссоциа­ция­ланатын молекула түзілетін жағына қарай ығыстыру үшін әлсіз қышқыл ерітіндісіне қандай зат қосу қажет?


2-3 мл аммиак ерітіндісін құйған 2 пробирка алып, бір там­шы­дан фенолфталейн қосады. Бір пробиркаға микрошпательмен аммоний хлоридінің біраз кристалдарын салып, жақсылап ара­лас­тырады. Тұз қосқандағы ерітінді түсінің өзгеруін түсіндіреді. Тепе-теңдікті аз диссоциацияланатын молекула түзілетін жағы­на қарай ығыстыру үшін әлсіз негіз ерітіндісіне қандай зат қосу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет