6 лабораториялық жұмыс Тақырып: электролиттік диссоциация. Буферлі ертініділер Мақсаты



бет1/10
Дата08.02.2022
өлшемі52,22 Kb.
#123753
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лаб.раб. 6 О.и н. хим.2021 ТФП


6 лабораториялық жұмыс
Тақырып: ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ. Буферлі ертініділер


Мақсаты: «ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ. БУФЕРЛІ ЕРТІНІДІЛЕР» тақырыбы бойынша функционалды және жүйелік құзыреттіліктер қалыптастыру. Жұмысты орындау барысында элетролиттік диссоциация теориясының негізгі қағидаларын қолдана білуге және тәжірибе барысында олардың орындалатынына көз жеткізе білуг, дәлелдеуге қабілет таныту. Буферлі ерітінділердің қасиеттерінің тіршілікте, маңызды екенін түсіндіре білу.
Электролиттік диссоциация процесін зерттеу


А) Кейбір электролиттердің ерітінділерінің электрөткіз­гіш­тігін салыстыру

Ерітінділердің электрөткізгіштігін зерттеу үшін арнайы қондырғы – электролизерді қолданады (3-сурет). Көлемі 50 мл стаканға (1) сәйкес ерітінді құйып, оған көмір электродтарын (2) салып, айнымалы токқа қосады. Басқа 4 стаканға 10 мл-ден 0,1 н сірке, тұз қышқылы және аммиак, күйдіргіш натр ерітінділерін құяды. Электрөткізгіштерін сынап, амперметрдің көрсетуін жа­за­ды, электродтарды біркелкі тереңдікке батыра отырып, элек­тро­литтерді күшінің өсуіне қарай орналастырады.


Әрбір сынақ алдында электродтарды жақсылап жуып, дис­тилденген сумен шайып отыру қажет.





3-сурет. Электролизер

Сыналған электролиттердің электрөткізгіштігі неге әртүрлі?


Осы электролиттердің диссоциациялану теңдеулерін жазып, оларға әрекеттесуші массалар заңын қолданады. Әлсіз электро­лит­тердің диссоциациялану константаларының мәндерін анық­та­малар бойынша анықтап, жұмыс дәптерге жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет