6 лабораториялық жұмыс Тақырып: электролиттік диссоциация. Буферлі ертініділер Мақсаты


Г) Сутек және гидроксил-иондарының концентра­ция­сының өзгеруі



бет4/10
Дата08.02.2022
өлшемі52,22 Kb.
#123753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Лаб.раб. 6 О.и н. хим.2021 ТФП

Г) Сутек және гидроксил-иондарының концентра­ция­сының өзгеруі

Екі пробиркаға 2 н тұз қышқылы ерітіндісінен 1 мл-ден құйып, оларға мырыш түйірін тастайды. Сутектің бөлінуі бір­кел­кі бола бастағанда, бір пробиркаға 1 мл натрий ацетатының қаныққан ерітіндісін қосып, ал екіншісіне − 1 мл су қосады (екі пробиркада көлем бірдей болу үшін). Бірінші пробиркада реак­ция жылдамдығының азаюын түсіндіреді. Сутек иондарының концентрациясын азайту үшін қандай заттар қосуға болады?




Д) Иондық реакциялар

Бір пробиркаға 2 мл CH3COONa ерітіндісін, екіншісіне − дәл осындай аммоний хлориді ерітіндісін құю керек. Біріншісіне 2-3 мл сілті ерітіндісін қосады. Екеуін де иіскеп сынау керек (қалай?). Молекулалық және иондық түрде реакция теңдеулерін жазады.


2 пробиркаға 3 мл-ден ерітінді алады: біреуіне мыс суль­фа­ты­нан, екіншісіне − никель сульфатынан. Осыдан кейін әрқай­сы­сына тартпа астында тұрған жаңа дайындалған күкіртсутек суынан 2-3 мл қосады. Молекулалық және иондық реакциялар теңдеулерін жазады.


Сұрақтар

  1. Әлсіз және күшті электролиттерге сипаттама беріңіздер және мысалдар келтіріңіздер

  2. Диссоциациялану константасы туралы түсінік беріңіз және формуласын жазыңыз

  3. Диссоциациялану дәрежесінің ерітінді туралы қандай мәлімет беретінін көрсетіңіздер дегеніміз не?

  4. Әлсіз электролиттердің диссоциациялану дәрежесіне аттас ионның әсерін реакциялар жазып түсіндіріңіздер

  5. Диссоциациялану дәрежесіне сұйылтудың әсерін көрсетіп, шын мәнінде бұл көрсеткіш сұйылтумен артатынын дәлелдеңіздер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет