8lab
6-нұсқа
Прогрессия абстрактылы базалық класын құрыңыз, құрамында n-ші элементті және n-ші қосындыны табу операцияларын жариялаңыз. Туынды кластары: арифметикалық және геометриялық. Туынды кластарда операциялардың жүзеге асырылу ережелерін анықтаңыз.
9lab
6-нұсқа
IComparable стандартты интерфейсін жүзеге асыратын Кітап класын (кітап аты, авторы, бағасы, бет саны, шығарылған жылы) және IEnumerable интерфейсін жүзеге асыратын, Кітап класын өріс ретінде пайдаланатын Кітап_дүкені класын (дүкен аты, мекен-жайы, кітаптар) құрыңыз. Кітап дүкеніндегі кітаптар тізімін құрып, сұрыпталған түрде экранға шығарыңыз.
10 lab
Тапсырма: 10-дәрістің материалдарын қайта қарап шығыңыз, 10-дәріске берілген мысалдарды қайта қарастырыңыз, 2-8 лабораториялық жұмыстарда қолданылған әдістерге делегаттар құрып, топтық адрестеуді пайдалану мүмкіндігін бағалаңыз. Action және Func делегаттарын пайдалану мүмкіндігін қарастырыңыз.
11 lab
6-нұсқа. Емтиханда үш студент бір есепті бір-бірінен тәуелсіз түрде шығарады. Әрбір студенттің өзіндік есепті шешу ықтималдығы бар. Есепті шешу процесін модельдеңіз: әрбір студент есепті кезегімен қарастырады, модельдеу студенттердің бірі есепті шешкен кезде аяқталады. Есептің шешімі табылған кезде шешімін тапқан студенттен басқа барлық студенттергешешімнің табылғандығы туралы және нешінші айналымда табылғандығы туралы хабарламаны оқиғаларды жүзеге асыру механизмінің көмегімен жіберіңіз.
12lab
Тапсырма: 12-дәріс материалдарын қайта қарастырып, өзіңіздің нұсқаңызға сәйкес кластың алдын ала анықталған аластамаларын өңдеңіз.
Тапсырмалардың қойылымын (2)-оқулығындағы 77-78 бетінен таба аласыздар.
6-нұсқа. [2, 77-78 бет] 8-тапсырма
13lab
Тапсырма: 13-дәріс материалдарын қайта қарастырып, 13-лабораториялық жұмыс аясында орындаған тапсырмаңызды туынды аластама класын құру арқылы модификациялаңыз. Барлық тапсырмаларда аластаманы өңдеу блогында программаның жұмысын жалғастыру амалдары қарастырылсын.
6-нұсқа. [2, 77-78 бет] 8-тапсырма. Жұмыс барысында келесі жағдайларды туынды аластама кластарының көмегімен өңдеңіз: егер A≤0 болса, оң сан енгізілуі керектігі туралы хабарламамен, және A=al болса, бөлшек бөлімі нөлге тең болатыны туралы аластамаларды генерациялаңыз.
14lab
Тапсырма: 14-дәрістің материалдарын қайта қарап шығыңыз және нұсқа бойынша берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Тапсырмалар «Модели данных и СУБД» практикумындағы 78-101 беттерде берілген. Әрбір тапсырмада берілген кластарды жүзеге асырыңыз және 2-пунктте Select операторының көмегімен орындауға берілген 5 тапсырманы сұраныстар әдістерінің көмегімен орындаңыз.
агрегаттық функциялар:
int[] myArray = new int[10] { 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 };
int count = myArray.Where(i => i % 2 == 0).Count(); // жиымның жұп элементтерінің санын анықтау
double average = myArray.Where(i => i % 2 == 0).Average(); // жиымның жұп элементтерінің орташа мәнін анықтау
int sum = myArray.Where(i => i % 2 == 0).Sum(); // жиымның жұп элементтерінің қосындысын анықтау
int min = myArray.Where(i => i % 2 == 0).Min(); // жиымның жұп элементтерінің арасындағы ең кішісін табу
int max = myArray.Where(i => i % 2 == 0).Max(); // жиымның жұп элементтерінің арасындағы ең үлкенін табу
int first = myArray.Where(i => i % 2 == 0).First(); // жиымның алғашқы жұп элементін табу
int last = myArray.Where(i => i % 2 == 0).Last(); // жиымның соңғы жұп элементін табу
15lab
Тапсырма: 15-дәрістің материалдарын қайта қарап шығыңыз және Абрамянның программалау бойынша тапсырмалар жинағының «Функциялар және процедуралар» бөлімінде берілген тапсырмаларды оқытушы бөлген нұсқаға сәйкес орындаңыз. Тапсырманы орындау барысында функцияларды жалпыланған класс құрамындағы әдіс немесе жалпыланған әдіс түрінде анықтаңыз.
Есеп беру құрамы:
студенттің мамандығы, тобы, аты-жөні;
лабораториялық жұмыс нөмірі, тақырыбы және мақсаты;
бөлінген нұсқа нөмірі және нұсқаға сәйкес тапсырманың берілгені;
тапсырмаға сәйкес жазылған программа, программаның барысы бойынша түсініктемелер (программаның әрбір жолына түсініктеме жазылу керек);
программаның орындалу нәтижесін көрсететін экран бейнелері.
Достарыңызбен бөлісу: |