Мотивациялық -қозғаушылық
|
Балалардың амандасуы
Кіп - кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып, Көкке қанат қағамыз.
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық тілейміз
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
|
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
|
Ұйымдастыру -іздестіру
|
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Жарайсыңдар, қазір күз мезгілінің бірінші айы екен.
Аптаның нешінші күні? Тақтаға күн жады жазылады. Енді біз өткен сабағымызда «Бақытты отбасы» тақырыбын өткен болатынбыз.
Онда отбасы туралы, оның тату-тәтті, бір-біріне көмектесіп, сыйластық болған жерде, сондай-ақ біргелікте қыдырып, теледидар көріп отыруға болатындығы, сонда отбасы бақытты болатынын түсініп алдық. Бәрімізге түсінікті болды ғой.
Олай болса, бүгінгі жаңа тақырыбымыз: «Анама бәрін арнаймын» деп аталады. Барлығымыздың анамыз бар, олар бізді аялап, әлдилеп, мәпелеп, түн ұйқысын төрт бөліп бесік тербеткен абзал жан. Біз оларды қадірлей, сыйлай білуіміз керек. Берген ақ сүттерін ардақтай білгеніміз жөн.
Енді мына суреттерге қарай отырып әңгімелейтін боламыз.
1-тапсырма Үйде анаңа қандай көмек көрсетесің? Анамыздың нан әкелуі. Үй-ішін тазалау.
2-тапсырма Анаң сені қалай еркелетеді? Еркелеткенде неге теңейді?
Балапаным, қозым, ботам, құлыным, күшігім
3-тапсырма
Анаңды қуантатын сыйлықтың суретін сал.
Анамызға гүл сыйлығын береміз. Ол үшін гүл суретін
түрлі түсті қарындаштармен бояп аламыз.
Соң аналарымызға беруге болады.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Алақанды соғайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып алайық.
Жоғары-төмен қарайық, Орнымызды табайық.
|
Күз мезгілінің бірінші айы
Екінші күні
Балалар жауап береді.
Балалар мұқият тыңдайды.
Ойыншықтарды жинау. Ыдыстарды жуып көмектесу.
Балалар өздерін анасы қалай еркелететінін айтады.
Балалар аналарына арнап суреттер салады
Сергіту сәтін тәрбиешімен бірге қайталайды
|