6 сыныбының 2021 – 2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы жоспары Сынып жетекшісі: Есберген Жандос Маратұлы



бет1/2
Дата09.10.2023
өлшемі27,27 Kb.
#184323
  1   2
Байланысты:
тәрбие жоспары


«Бекітемін» «Келісемін»
мектеп директоры директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
________________ _________________
И.Т.Сатимов А.К.Шундыбаева
«_____» ________ 2021 ж. «_____» ________ 2021 ж.
Бөрлі № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің
6 - сыныбының
2021 – 2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысы жоспары
Сынып жетекшісі: Есберген Жандос Маратұлы


6 -сыныбының 2020 – 2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысы жоспарының орындалу барысының қорытындысы
Сыныпта 18 оқушы, 11 қыз,7 ұл. Бекітілген жоспар бойынша сынып жетекші оқушылармен бірге тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша жұмыстанды.Сынып оқушыларының негізгі міндеті мен мақсаты: өзін жеке тұлға ретінде таныту, сапалы білім алу.
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағыты бойынша «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы», «Ұлттық Рәміздер – ел мақтанышы» , «Ерлерді ұмытпаса, елі ұмытпас» тақырыбындағы тәрбие сағаттары өткізілді.
2.Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты бойынша : «Мемлекеттік тілмен болашаққа», «Ұстаздық еткен жалықпас» тәрбие сағаттары, бала құқығы туралы онкүндікке қатыстық. «Жас ерекшелігі гигиенасы» тақырыбымен мектеп медбикесімен кездесу өткізілді.
3.Ұлттық тәрбие бағыты бойынша ұлттық ойындардан сайыс өткізіліп, оқушымыз Жұмажан Айбек мектепішілік асық ату сайысында бас жүлде иегері атанды.
4.Отбасылық тәрбие бағыты бойынша «Үйде құт болса, қазына керек емес» тақырыбындағы тәрбие сағаты. «Отбасы мақтанышы –тәрбиелі ұл мен қыз» әңгімелесу өткізілді. Отбасы құндылықтары туралы әңгіме жүргізілді. Ата- анамен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында ата- аналарға ашық есік күндер оздырылды. Сабақтарға ата-аналар қатысу кестесі жасалынды. «Менің отбасым» тақырыбында фотосуреттер көрмесіне қатысты.
5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағытыбойынша «Әлемнің әміршісі – еңбек» тәрбие сағаты, «Табиғатты бірге сақтайық!» атты тақырыппен ауыл ішінің тарихи жерлеріне экскурсия жасалынды.
6.Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағытымен мектепішілік «Кубик-рубик» сайысына қатысып жүлделі үшінші орынды иелендік.
7. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша мектебіміздегі музейге шолу жасап , сонымен бірге ауылымыздағы коворкинг орталығына барып, оқушыларымыз түрлі қызықты кітаптармен өздерінің ой өрістерін дамытты.
8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты бағыты бойынша«Біз ЖҚТБ-ға, нашақорлыққа, маскүнемдікке қарсымыз, біз салауатты өмір салты үшін» тәрбие сағаты, Жол белгілерінің халықаралық тілі.әңгімелесу өткізілді

Жетістіктері: 5 сынып оқушылары мектепішілік барлық іс – шараларға,апталықтарға өз деңгейлерінде белсенділікпен қатысып,жүлделі орындарға ие болды.Салық Медет облыстық «Ақжайық адалдық алаңы» атты бейнеролик байқауынан 2 орын.


Кемшіліктер: Оқушылардың байқауларға тек қана үнемі белгілі бір оқушылардың ғана қатынасуы.Ата аналардың жиналысқа қатысу деңгейінің төмендігі.
Ұсыныстар: Тәрбие жұмысы бойынша атқарылатын іс-шараларға сыныптағы қатынаспай жүрген оқушылардың қатысуы қадағалансын.
Аталған кемшіліктер мен ұсыныстардан келер оқу жылында атқаратын мақсаттар мен міндеттер айқындалды.

Сынып жетекшісі: Есберген Ж.М


Түсінік хат

2021-2022 оқу жылыда 6 - сыныпқа арналған тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 шығыс хаты - «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес және «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021 – 2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын негізге ала құрылды. Тәрбие жұмысының жоспары Тұжырымдамалық негіздерге сай адамгершілігі жоғары, білімді, Төртінші өнеркәсіптік революцияның қазіргі заманғы әлеміне табысты бейімделуі үшін жаңа технологиялық құрылысқа бағытталған бәсекеге қабілетті адами капитал даярлауға негізделген жаңартылған мазмұндағы мектептік білім беруге кезең-кезеңмен көшудің мақсатты нұсқауларын, қағидаттары мен міндеттерін басшылыққа алады және де төменде тізімделген нормативтік құқықтық құжаттарға сүйенеді:


- «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясы;
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26.12 №518-IV Кодексі;
- «ҚР баланың құқықтары туралы» ҚР 2002 жылғы 08.08. №345 Заңы;
- «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР 2009 жылғы 04.12 №214- IV Заңы;
- «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР 2018 жылғы 02.07 №169 – VІ Заңы;
- «Білім туралы» ҚР 2007 жылғы 27. 07 №319 Заңы;
- ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 27.12 №988 қаулысымен бекітілген ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
- ҚР БҒМ 2019 жылғы 15.04 №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері;
- ҚР БҒМ 2020 жылғы 12.06 №248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері;
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021 – 2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сәйкес 2021 – 2022 оқу жылында келесі жобалар іске асырылады:

  • «Мектептің өзін-өзі басқаруы»;

  • «Дебат» қозғалысы;

  • «Оқуға құштар мектеп» жобасы;

  • «Отбасы - мектеп»;

  • «Құқықтық сана – қауымға пана»;

  • «Дәстүр мен ғүрып»;

  • «Еңбек – елдің мұраты»;

  • «Үнем – қоғам қуаты»;

  • «Ерте жастан басталатын экологиялық мәдениет»;

  • «Қоғамға қызмет»;

  • «Музей сабақтары»;

  • «Театр сабақтары»;

Сонымен қатар, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін енгізу мақсатында білім беру ұйымдарына енгізілген келесі жобалар жалғастырылады:

  • «100 күй»;

  • «Туған елге тағзым»;

  • «100 кітап»;

Және де білім алушылардың бойында ұлттық құндылықтарды, бірлікті, ұйымшылдықты қалыптастыру мақсатында төмендегі жобалар енгізілмек:

  • «Шаңырақ»;

  • «Қазақ әндері» («Қазақтың 100 әні»);

  • «Ата – ана жұмыс орнындағы 1 күн»;

  • «Мақал – сөздің мәйегі»;

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес сегіз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады.
6 -сыныпқа арналған тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығының 2-қосымшасын және 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығын басшылыққа ала құрылды.

Тәрбие жұмысының бағыттары бойынша іс-шаралар жоспары





Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты

Орындау мерзімі

І

Тәрбиені нормативтік құқықтық қамтамасыз ету

1

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды

Тәрбие сағаты

Есберген Ж.М

20.09.2021 ж

2

1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды

Тәрбие сағаты

Есберген Ж.М

13.12.2021 ж

3

Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады

Тәрбие сағаты

Есберген Ж.М

06.09.2021 ж

4

1997 жылы 15 шілдеде қабылданған: «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР Заңы табиғатты қорғау саласындағы басты заң болып табылады.

Тәрбие сағаты

Есберген Ж.М

11.04.2022 ж

5

Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген

Тәрбие сағаты

Есберген Ж.М

24.01.2022 ж






Тәрбие жұмысының атауы

Аяқтау нысаны

Жауапты

Орындау мерзімі

ІІ

Ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету































ІІІ. Тәрбиенің басым бағыттары бойынша іс-шаралар (8 бағыт бойынша жоспары)


1

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет