6-сынып 1-нұсқа 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер
5-6 сынып БЖБ (1)
«Абайды оқы, таңырқа!» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқылатын шығарма Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдері Оқу мақсаты 6.2.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру 6.3.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту Бағалау критерийі Білім алушы • Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі Орындау уақыты 15-20 минут 1-Тапсырма Автор көрсеткен бес асыл іс немесе бес дұшпанның бірін таңдап, осыған байланысты мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар. Адам бойындағы осы қасиеттерді мақал-мәтелдердің білдіретін мағынасымен байланыстыра отырып, талдаңдар.
2-тапсырма Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінде қандай әлеуметтік-қоғамдық мәселені көтерген? Сол мәселелер қазіргі заманда кездесе ме? Өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз. 3-тапсырма Бұл сөзді ........ ұқпас, талапты ұғар, Көңілінің көзі ашық, сергек үшін. Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей. Шу дегенде құлағың тосаңсиды, Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей. Таң қаламын, алдыңғы айтқанды ұқпай, Және айта бер дейді жұрт тыным бермей. Сөз айттым .............«айдаһарсыз», Мұнда жоқ «алтын иек, сары-ала қыз». «Абайды оқы, таңырқа!» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Оқылатын шығарма Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдері Оқу мақсаты 6.2.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру 6.3.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту Бағалау критерийі Білім алушы • Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі Орындау уақыты 15-20 минут 1-Тапсырма Автор көрсеткен бес асыл іс немесе бес дұшпанның бірін таңдап, осыған байланысты мақал-мәтелдерді тауып жазыңдар. Адам бойындағы осы қасиеттерді мақал-мәтелдердің білдіретін мағынасымен байланыстыра отырып, талдаңдар.
2-тапсырма Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінде қандай әлеуметтік-қоғамдық мәселені көтерген? Сол мәселелер қазіргі заманда кездесе ме? Өз ойыңызды дәлелдеп жазыңыз. 3-тапсырма Батырдан .............. туар даңғой, Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой. Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой! Өлеңі бар өнерлі інім, сізге Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге. Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ, Есіл ......... қор болып кетер түзге. Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез, Қанша қызық болады өзіңізге?
«Астана – мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1-нұсқа Оқу мақсаты 6.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу 6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу Бағалау критерийі мәтіндегі тірек сөздерді табады,елеулі оқиғаларды іріктеп жазады. Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Тапсырма1 Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен Астана қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеңіз. Асқақтай бер, Астанам! Қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы төрткүл дүние тамсанатын, әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жұмыр жерді толғандырған тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда, Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға сүйреп келеді. Ал ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі шаралардың да Астанада өткізілуі Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында, ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті. Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі тұр десек артық айтқандық емес. Тапсырма 2 Неологизмдерді бірінші бағанға, термин сөздерді екінші бағанға, кәсіби сөздерді үшінші бағанға,диалект сөздерді төртінші бағанға жазыңдар Қоңсы,атом,қауаша,үнтаспа,әңгелек,торта,құдағай,ашықхат,климат,фонетика,буын,саябақ,аксиома, термометр,сыйақы,зияткерлік.
жүктеу/скачать 152,57 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |