6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §9. Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: суреттер, қола дәуірі кезіндегі Қазақстанның картасы.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
-
Мыс өңдеу мен қоланың пайда болуы еңбек өнімділігіне қалай әсер етті?
-
Андрондықтардың баспаналарына сипаттама бер.
-
Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған?
Жаңа сабақтың жоспары:
-
Климаттың өзгеруі
-
Орталық Қазақстан қола дәуірінің ең соңғы кезеңі Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Оның хронологиялық ауқымы б.з.б. 12-8 ғасырларды қамтиды.
-
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
-
Б-Д мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі-обалар. Андрондықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтармен бекітілген.
-
Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды.
-
Шаруашылығы
-
Қоғамдық құрылысы
-
Қола дәуірі кезінде діни наным-сенім қалыптасып, жоғары дінбасылары-абыздар пайда болды. Олар рудың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады.
Сабақты бекіту:
-
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?
-
Оқулықтың мәтінін пайдаланып, көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле
-
Б-Д мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр.
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 9. Шаруашылық пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер.
«Ру мен тайпа кеңесі» қосымша материал
Достарыңызбен бөлісу: |