6-сынып Тас дәірі Ежелгі тас дәуірі(Палеолит) б з. б. 2,6млн жылдан –б з. б 12мың жыл аралығы


Діни-наным – қандай да бір дінге, конфессияларға қатысты болу, сондай-ақ өзінің діни ілімі, табынуы, ұйымы бар діни бірлестік. Екінші дүниежүзілік соғыс



бет180/228
Дата08.07.2023
өлшемі0,6 Mb.
#179360
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   228
Байланысты:
Жұбанышев-1

Діни-нанымқандай да бір дінге, конфессияларға қатысты болу, сондай-ақ өзінің діни ілімі, табынуы, ұйымы бар діни бірлестік.
Екінші дүниежүзілік соғыс – 1939 жылғы 1 қыркүйекте басталған жаңа дүниежүзілік соғыс; адамзат тарихындағы ең үрейлі, қатал, апатты соғыс. 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқталды.
Елбөрлі, бөрлілер – Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа.
Елтебер – қағанат ақсүйектеріне берілетін лауазым.
Елтірі – туғаннан кейін 2-3 күн ішінде сойылған қозы терісі.
Енисей жазуы – VI-VIII ғасырларда түрік тайпалары қолданған жазу. Орхон-Енисей жазуы деп те аталады.
Ереуіл – жұмысшылар мен қызметшілер ұжымының өздерінің экономикалық және саяси талаптарын қанағаттандырғанға дейін жұмысты тоқтатуы, еңбек дауларын реттеудің бір әдісі.
Ер-тұман – салт атқа міну үшін керекті жабдықтардың жиынтық аты.
Еуроцентризм – ғылымның , өнердің, философияның, әдебиеттің және т.б. құндылықтардың түбегейлі дамуы тек Еуропада ғана жүрді деп саналатын ғылыми концепция.
Жабғу – Оғыз мемлекетінің билеушісі.
Жазалаушы экспедиция – Ресей империясының отаршылдыққа қарсы шығушыларды жазалау үшін жасақталған әскери бөлімі.
Жайық казактары – ХV ғасырдың аяқ кезі мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қашқын шаруалардан құралған еркін казактардың қауымдары. Патша үкіметі оларды Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғау үшін пайдаланды.
Жалға беру – жер не мүлікті уақытша пайдалану үшін жалға беру.
Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) – кеңес басшылығы 1921 жылғы наурыздағы РК(б)П Х съезінен кейін енгізді, «әскери коммунизм» саясатына жаппай наразылықты басуға бағытталды.
Жаңару – саяси жүйе, ел өмірінің саны мен сапасына байланысты өзгеру.
Жарғы – белгілі бір ұйымның атқаруы тиіс қызметі туралы, оның құқықтары мен міндеттері туралы ережелер жиынтығы. Қазақ қоғамының әкімшілік заңдарының жинағы.
Жариялылық – ақпараттардың қоғамдық таныстыруға, талқылауға, ұйымдардың, мекемелердің және лауазым иелерінің қызметтерін бақылау үшін ашықтығы, қол жетерлілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   228




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет