М.П.Русаков атындағы №2 мектеп-интернаты
«Интернетке тәуелділіктің алдын алу»
/әңгіме-кеңес/
Психолог А.Ж.Агнаева
Балқаш қаласы 2016 жыл
Сәуір айы
«Тәуелділік» (addiction) термині Интернетте көп кездесетін әлеуметтік және психологиялық мәселелермен ассоциациялау жолымен Интернет мәселелерін идентификациялауды жеңілдету мақсатында психиатрлардың лексиконынан алынған болатын[34]. Барлығы 1-ден 10-ға дейін симптом байқалуы мүмкін, оған желіде тым көп уақыт өткізу, реалды әлемде болған кездегі тынымсыздық, киберкеңістігінде өткізілген уақыт көлемін жасыру немесе реалды әлемдегі жігерсіз әрекеттер. Интернетті тым артық пайдалану әлеуметтік изоляция, өспелі депрессия, жанұя бұзылуы, оқудағы сәтсіздік, финанстық тұрақсыздық, жұмысты жоғалтуға дейін апарады.
Ғылыми-зерттеулердің мәліметтеріне сүйене отырып, «интернет–тәуелділігі» диагнозының негізгі 5 типін көрсетуге болады. Олар адамның нақты нәрсеге құмар екендігін сипаттайды:
1. киберсекс;
2. виртуалды танысулар;
3. онлайнды биржалық сауда;
4. және азарттық ойындарға құмарлық;
5. компьютерлік ойындарға деген құмарлық[41].
Емдеу сәтті аяқталуы үшін, адам өз бойында ауру бар екендігін саналы түрде түсінуі маңызды шарт болып табылады. Сондай–ақ адамның зейінін оның жанұясына ауыстыру немесе түрлі әлеуметтік дағдыларға үйрету де эффективті әдіс болып табылады.
Сапалық анализдің көрсеткіші бойынша, бұл құбылыстың кең таралуына жағдай жасайтын фактор Желідегі тұлғаның анонимділігі болып табылады. Негізінен анонимділік басты төрт бұзылыспен байланысты: түрлі ауытқулардың қалыптан күшеюі, көптеген сайттарда таралған жалған тіпті аморальды не тыйым салынған суреттерді (бала порнографиясы) қарау сияқты криминалдық әрекет жасау[43].
Кибер–тәуелділігінің пайда болуын интерактивті компоненттер жеделдетіп жібереді ол жанұя ішіндегі қатынастарға және жанұя тұрақтылығына негативті әсерін тигізеді. Ал бұл ең алдымен адамдардың реалды өмірден алыстап, тіпті айырылысуға дейін де апарады. Мұндай жағдайда индивидуалды және жанұя терапиясы қолданылады. Бұл процесс барысында жұбайлар татуласу және жанұяны қайта құру жайында жұмыс істейді[42].
Фантастикалық Интернет әлеміне ену, үйрену үшін септігін тигізеді; бұдан кейін көңіл–күйдің түсуі және психологиялық үйлесімсіздік пайда болады. Олар психотерапиямен емделеді; қажет болған жағдайда фармакологиялық араласу да рұқсат етіледі[44].
Кішкентай балалардың Интернетке қаншалықты жиі кіретінін білу аса маңызды, себебі он–лайн–педофилияның өсімі байқалып келеді. Ал бұл балаларға қатысты белгілі бір қауіп тудырады. «Педофилия» диагнозын қою үшін міндетті түрде балаларға жармасып, мазалау мысалдары ғана емес, ал адамның балаға қатысты түрлі сексуалды фантазиялармен көңіл көтерудің өзі жеткілікті. Соңғы кездерде тыйым салынған суреттерді интернеттен жүктеп алулар саны өсіп келеді. Бұл жерде психологияның басты міндеті бала порнографиясын қарау мен балаға реалды жармасып–мазалау қаупінің арасындағы байланысты зерттеу болып табылады. Сондықтан да мұндай ақпаратты қарапайым мысалға дейін шектеу мұндай веб–беттерге кездейсоқ кіру мүмкіндігін азайту, желідегі іздеу әдісін жетілдіру және мұндай сайттарға кіріп кету кезінде міндетті түрде ескертулер жасау аса маңызды әрі қажет[42].
Интернет идеалды зерттеушілік құрал болғанымен оқушылар оқуда проблемалар пайда болады. Оның себебі олар іске қатысы жоқ сайттарға кіреді, бірнеше сағат чаттарда әңгімелеседі, таныстарымен сөйлеседі, оқудың орнына интерактивті ойындар ойнайды. Сөйтіп оларда үй тапсырмасын орындау, емтихандарға дайындаумен байланысты мәселелер пайда болады. Көбіне Желіде өткізген уақытын басқара алмай, ұйқыларын қандырмайды[39].
Неке, ата–ана мен бала арасындағы қатынас, жақын достық та Интернеттің құрбандары. Компьютер компаниясындағы уақыт реалды адамдармен өткізген уақыттан асып кетеді. Алғашында тәуелділік әдеттегі істер – кір жуу, газон қырқу, магазин аралаумен емес, ал компьютердің алдында отырудан көрінеді. Бала жайындағы қамқорлық күнделікті жұмыстар сияқты жайдан жай қалады. Мысалы, анасы өз баласын сабақтан кейін мектептен алып, оған түскі асын беріп ұйықтатуды ұмытып кетіпті,бұл уақыт бойы Интернетте отырыпты[44].
Жақын адамдар Интернет адам санасын билеп бара жатқанын алғаш түсініп, ол өздігінен қояды деп үміттенеді. Алайда ештеңе өзгермесе, интернетте өткізілген артық уақытқа қарсы аргументтер пайдаланыла бастайды. Өкінішке орай ол қайтымды эффектке апарады. Тәуелді адамдар ашулы болып, Интернетті пайдалануды шектеуге тырысқандардан түрлі жолдармен қорғанады. Мысалы, келесідей стандартты фразалар қолданады, «Менде проблема жоқ» немесе «Мен жай ғана демалып отырмын, маған бөгет жасама» – мұның барлығы орныққан тәуелділіктің белгілері болып табылады. Бұдан соң алкогольге деген қажеттілігін құпия сақтағысы келген маскүнем тәрізді, адам Интернетте өткізген уақыты туралы жалған айтуды бастайды. Мұның барлығы ертелі–кеш жанұядағы жақын қатынасты не достықты бұзады[45].
Интернет–тәуелділігінің денсаулыққа зияны алкоголизм кезіндегі бауыр циррозы сияқты айқын емес. Интернетті пайдалану кезіндегі денсаулыққа қауіп минималды, алайда байқалады. Әдетте тәуелді адамдар Интернетті кез–келген жерде, биттей мүмкіндік пайда болған кезде пайдалануға тырысады. Мұнда жеке сеанстар он бес сағатқа дейін барады. Мұндай құмарлықты уақыт бойынша шектеу жағдайында жүзеге асыру әрекеті Интернетте түнгі кездерде отыру тенденциясының пайда болуына әкеп соғады. Көбінесе тәуелді адам басқалардан кеш тұрады. Интернетті түнгі екіге, үшке, төртке дейін пайдаланады, ал бұдан соң таңғы алтыға дейін қажетті жұмысты атқарады. Ең ауыр жағдайларда ұйқыны қашыру мақсатында кофе және басқа дем беретін сусындар пайдаланылады. Мұндай ұйқысыз өткен түндер үздіксіз шаршау мен адамның иммундық жүйесінің әлсіреуіне жағдай туғызады. Ал бұдан кейін кенет аурудың пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды. Бұған қоса, отырумен өтетін өмір салты омыртқа Желісімен байланысты проблемалар түнгі кездегі жарықтың жеткіліксіз болуы – көздің түрлі ауруларын тудырады[47].
Саулнама көрсеткіштері бойынша ауру адамдардың шамамен 54%–ы он–лайнда өткізетін уақытын азайтқысы келмейді, ал олардың бір бөлігі өздерін Интернетке біржола «отырғандар» қатарына қосып, бұл әдетті тастауға қабілетсіз деп таниды. Қалған 46% тәуелділіктен арылуға бірнеше сәтсіз әрекеттер жасауға тырысты. Бұл жағдайларда өз–өзін біраз уақыттық лимиттен шектеу пайдаланылады, дегенмен бұл адамдар қойылған шектеуді орындауға ерігі жетпейді. Осыдан кейін Интернеттен мүлдем өшірілу, модемді лақтырып тастау немесе тіпті Желіні пайдалануды шектеу мақсатында компьютерді бөлшектеу әрекеттері жасалды. Өкінішке орай барлығы дерлік біраз уақыт өткен соң өздерінің Интернетсіз өмір сүре алмайтынын түсіне бастады. Олар Желіге қосылуды қайта жүзеге асырды: тағыда Интернетте ұзақ уақыт отыру үшін жаңа моделі сатып алды, компьютерді қайта жинады.
Достарыңызбен бөлісу: |