6-сынып Тас дәуірі



Pdf көрінісі
бет682/745
Дата19.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#103381
1   ...   678   679   680   681   682   683   684   685   ...   745
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ

Тәлімді егіс
 – қолдан суарылмайтын егін. 
Тәркілеу
 (конфискация) – қандай да бір дүние-мүлікті мемлекет меншігіне ақсыз пұлсыз тартып алу.  
Тәті
  (диадема)  –  төбесі  мен  шүйде  тұсы  ашық,  кішігірім  тәж  тәрізді  әшекейлі  баскиім.  Тәті  негізінен  асыл 
металдардан жасалған.  
Тегін –
 хан ұрпағы. 
Текемет 
– бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз төсеніш. 
Теле 
– тайпа, көптеген түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы. 
Темір дәуірі
 – адамзаттың темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңі. 
Темірші
 – ұста, зергер. 
Теология –
 құдай жайлы ілім. 
Терракота –
 ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын шағын көзе кірпіш. 
Террор 
– лаңкестік. 
Терімшілік 
–  жинау,  теру.  Алғашқы адамдар  жер  бетінде  ағаш,  бұта  басындағы  өсіп  тұрған  әртүрлі  жеміс-
жидектерді  терді.  Жеуге  жарамды  тамырларды  қазып  алды.  Құстардың  жұмыртқасын  жинап  қорек етті. Бұл 
адамдардың ең алғашқы өмір сүру тәсілі, кәсібі болды. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды. 
Технология
 – ғылыми-практикалық негізде шикізатты дайын өнімге айналдыру әдісі, тәсілдерінің жүйесі.  
Тоғай –
 сазды жерлерде өсетін бұта түріндегі шағын тал шоғыры. 
Тоқсоба 
– Қыпшақ бірлестігіне енген тайпа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   678   679   680   681   682   683   684   685   ...   745




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет