6-сынып Тас дәуірі



Pdf көрінісі
бет683/745
Дата19.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#103381
1   ...   679   680   681   682   683   684   685   686   ...   745
Байланысты:
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖҰБАНЫШЕВ

Тоныкөк тас жазуы –
 VІІІ ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы. 
Топырақ эрозиясы –
 топырақтың неғұрлым құнарлы қабатының еріген қар суымен немесе нөсер жауынмен 
шайылуы,  желмен  ұшырылуы.  Қазақстандағы  топырақ  эрозиясы  тың  жерлерді  ойластырмай  жыртудың, егін 
шаруашылығының агротехникалық шараларын сақтамаудың нәтижесінде мүмкін болып, апатты экологиялық 
салдарларға әкеп соқты, көптеген егін алқаптары көп жылдарға дейін құнарсыз болып қалды. 
Торсық
 – қымыз т.б. сусын құюға ешкі немесе жылқы терісінен жасалған ыдыс. 
Тоталитаризм 
–  қоғам  өмірінің  барлық  саласы  биліктің  бақылауында  болып,  адам  бостандықтары  мен 
құқықтары жойылатын басқару түрі. 
Тотем –
 адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен немесе табиғат құбылыстарымен байланыстыру 
негізінде қалыптасқан сенімі. 
Төлеңгіт –
 хан мен сұлтандар кезіндегі жасақтар, олар, әдетте, тұтқындардан немесе азат етілген құлдардың 
ішінен, кейбір жағдайларда өзінің рулық қауымның жырақ кеткен қазақтардан жиналды. 
Трагедия –
 апатты зардаптары болатын қайғылы оқиға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   679   680   681   682   683   684   685   686   ...   745




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет