Ценз (лат. census)
– статистикалық халық санағының ескіліктегі атауы. Онда азаматтардың дүние-мүлкі,
қоғамдағы әлеуметтік, саяси орны, әскери қызметі көрсетілді.
Цитадель (қамал)
– ортағасырлық қалалардың бекініс құрылыстарымен қоршалған орталық әкімшілік бөлігі.
Чехословак корпусы
– Бірінші дүниежүзілік соғыста қолға түскен 45 мыңдай соғыс тұтқындарынан құралған,
Еділ бойы, Орал мен Сібір жерінде орналасқан корпус.
Шағатай тілі
– бүгінде қолданыстан қалған, ортағасырлық түркі тілі.
Шад –
Түрік қағанаты ақсүйектеріне берілетін лауазым.
Шанышқы
– ағаш сапқа орнатылған, үш ашалы сүйектен және темірден жасалған ұштығы бар балық аулайтын
құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |