Шаньюй – Ғұн мемлекеті билеушісінің лауазымы.
Шаңырақ – киіз үй сүйегінің негізгі бір бөлігі.
Шапан – қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлап сырып тігілген сырт киім.
Шапқы – жұмыр тастың екі жағында өңдеп, ұшын үшкірлеп жасаған ерте палеолитте кең тараған қару.
Шапқының ұзындығы – 10-20 см, салмағы 0,5-2 килограмдай болған.
Шариғат – мұсылмандық құқық.
Шаруа бастығы – лауазымды әкімшілік қызмет. Ол Қазақстанға 1902 жылы енгізілді. Ондағы мақсат Ресейден
қоныс аударып келген орыс шаруаларын, сондай-ақ жергілікті қазақтарды басқару болатын.
Шаруалар – жеке-дара отбасылық еңбекпен айналысатын ауыл шаруашылық өндірушілері. КСРО –дағы
шаруалардың негізгі бұқарасы 135 жеке тап ретінде ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ұжымдастыру кезеңінде
жойылды.