Экспроприация
– еркінен тыс мүлкінен айыру.
Элита
– қоғамның қандай да бір бөлігінің неғұрлым көрнекті өкілдері.
Эмиграция (лат. emigro – кетемін)
– азаматтардың өз елінен басқа елге саяси, экономикалық т.б. себептерге
байланысты тұрақты өмір сүру үшін кетуі.
Эмиссия
– ақшаны немесе құнды қағаздарды айналысқа қосу.
Энеолит
– б.з.б. 3-2 мыңжылдықта адам баласы мыстан жасалған құралдарды игере бастаған, неолит пен қола
дәуірі арасындағы өтпелі кезең.
Энтузиязм –
құлшыныс, ықылас.
Эпитафия
– қабір ескерткішіне жазылған жазу.
Эпос
– ауыз әдебиетіндегі ел қорғаған батырлардың өмірін эпикалық сипатта жан-жақты суреттейтін жанр.
Эрозия
– белгілі бер нәрсенің беткі қабатының бүлінуі.
Эрозия
– қандай да бір нірсенің жоғарғы қабатының толық немесе ішінара бұзылу үдерісі.
Эсерлер –
көп санды және ықпалды революцияшыл партиялардың бірі, социалист-революционерлер партиясы.
Этнос
– халық, ұлыс, ұлт, этникалық қауымдастық. Жеке топ ретінде қалыптасқан ұлт
Достарыңызбен бөлісу: |