V. Сабақты қорытындылау: Әр оқушы стикерлерге рефлексия жазып, өздерін бағалайды. Қабырғадағы кестеге стикерлерін өздерінің жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай жапсырады.
VI. Үйге тапсырма.
№41-сабақ. Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар
Сабақтың тақырыбы : Қарама-қарсы сандар.Бүтін сандар. Рационал сандар туралы түсінік.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың ұйымдастырылу түрі : дәріс, есеп шығару
Көрнекілігі: кесте,флипчарттар
Сабақтың мақсаты:
1. Қарама-қарсы сандар туралы, бүтін сандар туралы,рационал сандар жиыны туралы түсінікті енгізу.
2.Логикалық ойлау қабілетін дамыту,іздену-шығармашылық қабілетін дамыту.
3.Тазалыққа,ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырманы тексеру.
3.Логикалық тапсырмамен сабаққа бейімдеу.
4.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
5.Жаңа білімін тексеру.
6.Бекіту. Жаңа тақырыпқа есеп шығару. Жалпылау және жүйелеу.
7. Тексеру, өзін-өзі тексеру.Коррекциялау.
8.Үй тапсырмасымен таныстыру.
9.Қорытындылау,бағалау.
10.Рефлексия кезеңі.
Сабақтың барысы
1.Оқушыларды түгендеу,сабаққа назарын аударту.
2.Үй тапсырманы жалпы тексеру.
3. 9А:1А 96:6 4.Бір-бірімен тек қана таңбалары арқылы ажыралатын сандар қарама-қарсы сандар деп аталады.
Қандай да бір ғана санға бір ғана қарама-қарсы сан бар. 1. Оң санға қарама-қарсы сан теріс сан болады. 2.Теріс санға қарама-қарсы сан оң сан болады. 3. 0 саны өзіне-өзі қарама-қарсы сан болады. Натурал сандар және оған қарама-қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар деп аталады. Бүтін сандар,бөлшек сандар рационал сандар деп аталады.
Q-рационал сандар жиыны; Z-бүтін сандар жиыны; N-натурал сандар жиыны. Кез- келген рационал санды қатынасы түрінде жазуға болады.
№328
9-ға қарсы сан -9; -7-ге 7; 0-ге 0; -3,8-ге 3,8; 7/9-ге -7/9; 10-ға -10; 1/6-
ге -1/6; 8,3-ке -8,3;
№330
-5 -3,5 -2 0 2 3 3,5 5
№332
-9 3-ке -3; -4,2-ге 4,2; -5,8-ге 5,8
№334
- №336
х-3+у-3 х+у х+9+у+9 №338
Е A F B N O C M D P S
-8 -7 -6 -5 -4 -3 -2 -1 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9
6.Өз бетімен Ө-4/1-2-нұсқа/ дидактикалық материалдан.
7.Үй тапсырмасы №329.331.333.335.337.339
8. Сабақты қорытындылау: Әр оқушы стикерлерге рефлексия жазып, өздерін бағалайды. Қабырғадағы кестеге стикерлерін өздерінің жаңа тақырыпты түсіну деңгейлеріне қарай жапсырады.
№42-сабақ. Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар