Сабақтың мақсаты: Берілген санның процентін таба білу дағдыларын бекіту;
Міндеттері:
Білімділік – Оқушыларды санның пайызын табуға үйрету;білімдерін, дағдыларын пысықтау
Дамытушылық – Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу;
Тәрбиелік – Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдау білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Біліктілік пен дағдыны қалыптастыру , бекіту сабағы
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, ойын, интерактивті, деңгейлеп оқыту
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар , карточкалар, кесте
Достарыңызбен бөлісу: |