6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу



бет2/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)

Салық міндеттемесі: Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу обьектілері мен салық салуға тікелей байланысты обьектілерді айқындауға, салық есептілігін жасуға, оны белгілеген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеуге міндетті. Мемлект салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиісінше орындалған жағдайда оларды қамтамсыз ету жөніндегі тәсілдерді және СКодексте көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілер. Мүлік пен іс- әрекеттер салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрлі боцынша салық салу обьектісі мен салық салуға байланысты обьект салық кодекстің ерекше бөліміне сәйкес айқындалады.
Салық базасы дегеніміз салық обьектісі мен салық салуға байланысты обьектінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлеидер сомасы айқындалады:
Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;
Тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;
Капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;
Салық ставкасы. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
Салық салу практикасында ставкасының мынадай түрлерін ажыратады:
Тұрақты салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Үйлесімді салық мөлшерлемесі. Бұл жағдайда прогрессивтік салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелер ең алды мен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.
Регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді, және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдарға ауыртпалық түседі.
Салық кезеңі. Салық кодексінің ерекше бөліміне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі деп түсінеді, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке салық пұл субьектінің бір обьектіден төлейтін салық сомасы. Салық жеңілдіктері-заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесет төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады: Салық салынбайтын минимум салық салудан босатылатын салық обьектісінің ең аз бөлігі. Табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер ( асыраудағы жандарға, мүгедектерге- халықтан табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметік обьектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасына- пайдаға салынатын салық бойынша және т.т.) салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдем ақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы ) ; Салық салудың жеке субьектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету. Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығаруда жатады. Жеңілдік кезеңі-салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс- әрекет ететін уақыты. Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері – билік пен басқару органдарының заңнамасымен реттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет