6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу


Стандартизациялау және сертификаттау кәсіпкерлік қызметті реттеу шегі



бет14/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)

Стандартизациялау және сертификаттау кәсіпкерлік қызметті реттеу шегі.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар – меншік нысанына қарамастан, өнімді, көрсетілетін қызметті өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді, көрсетілетін қызметті берушілер мен тұтынушылардан тәуелсіз, штатында сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлары және (немесе) бекітіліп берілетін қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар ҚР-ның Үкіметі белгілеген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар.


стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;
стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;


ҚР-ның мемлекеттік стандарттары.
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, келісу, қабылдау, есепке алу, өзгенрту және оның күшін жою тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Мемлекеттік стандарттар:
1) мемлекттік техникалық реттеу жүйесінің жалпы ұйымдастыру-әдістемелік ережелерін белгілейтін, негізге алынатын стандарттар;
2) өнімнің, көрсетілетін қызметтің біртекті топтарына, қажет жағдайда нақты өнімге, көрсетілетін қызметке қойылатын талаптарды белгілейтін өнімге, көрсетілетін қызметке арналған стандарттар;
3) процестерге арналған стандарттар;
4) өнімді, көрсетілетін қызметті, процестерді бақылау әдістеріне арналғае стандарттар болып бөлінеді.
Негізге алынатын мемлекеттік стандарттарды уәкілетті органның кәсіпорындары әзірлейді.
Шет мемелекеттердің, халықаралық ұйымдардың нормалары мен стандарттары, мақсаттарға жету үшін тиімсіз немесе қолайсыз болып табылатын жағдайларды қоспағанда, олар ҚР-ның мемлекеттік стандарттарын әзірлеу кезінде негіз ретінде толық немесе ішінара қолданылуы мүмкін.
Мемлекеттік стандарттарда:
1) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігі жөніндегі қажетті талаптар;
2) өнімді, көрсетілетін қызметті жіктеуге қойылатын талаптар;
3) өнімнің бірізділік, үйлесімділік және өзара алмастырушылық көрсеткіштері;
4) терминдер мен анықтамалар;
5) өнімнің, көрсетілетін қызметтің тұтыну қасиеттері мен сипаттамаларын қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткіштері;
6) қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдегә жарату және жою ережелері;
7) сапасы мен қауіпсіздігін сынау әдістері;
8) ресурстардың барлық түрлерін сақтауға және ұтымды пайдалануға қойылатын талаптар;
9) сапа менеджменті жүйелері мен экологиялық менеджментті енгізуді қамтамасыз ететін, өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
10) белгілі бір қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер белгіленуі мүмкін.
Мемлекеттік стандарттар өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған жеріне қарамастан, ерікті негізде тең дәрежеде қолданылады.


Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет