6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу


ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ



бет10/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)

ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
 
37-бап. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылаудың негізгі принциптері мен міндеттерi
1. Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау:
1) заңдылық;
2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы;
3) жариялылық;
4) бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі;
5) тексеру жүргізу кезеңінде жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеу;
6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігі;
7) лауазымды міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының жауаптылығы принциптеріне негізделеді.
Мемлекеттік органдар Заңның қосымшасына сәйкес өздеріне жүктелген бақылау және қадағалау функцияларына сәйкес жеке кәсіпкерлікті бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдарға жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібі мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылдауға тыйым салынады.
 
38-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерудi ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы тәртібi
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеру ЖК Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тексеру мемлекеттік органның тексеруді тағайындау туралы актісі негізінде жүргізіледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіде:
1) актінің нөмірі мен күні;
2) мемлекеттік органның атауы;
3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы;
4) тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің атауы немесе тексеру жүргізу тағайындалған дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты, оның орналасқан жері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
5) тағайындалған тексерудің мәні;
6) тексерудің басталған және аяқталған күні;
7) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
8) тексерілетін кезең;
9) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және мемлекеттік органның мөрі көрсетіледі.
Тексеруді тағайындау туралы акті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда (бұдан әрі - құқықтық статистика жөніндегі орган) міндетті түрде тіркеледі.
Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:
1) құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеу туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлігін;
3) қажет болғанда режимді объектілерге баруға құзыретті органның рұқсатын;
4) мемлекеттің органның басшысы бекіткен тексеру жоспарын;
5) объектілерге бару үшін болуы қажет медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.
Тексеруді тағайындау туралы актіні тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісіне берген сәттен бастап тексеру жүргізу басталды деп есептеледі.
Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартқан немесе тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының тексеру жүргізуге қажетті материалдарға қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның лауазымды адамы және тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамы қол қояды.
Тексерілетін жеке кәсіпкерлік субъектісінің уәкілетті адамы бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме беріп, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы. Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту тексеру жүргізбеуге негіз болып табылмайды.
Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеру жүргізе алады.
Аумақтық мемлекеттік органдар тексеру жүргізген жеке кәсіпкерлік субъектілері көрсетілген органдардың қызметін тексеру шеңберінде қайта тексерілуі мүмкін.
Тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізу тәртібінің ерекшеліктері, тексеру түрлері, олардың мерзімділігі мен ұзақтығы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Тексеру жүргізу мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс, ерекше жағдайларда арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болғанда, сондай-ақ тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты мемлекеттік бақылау органының басшысы (не оны ауыстыратын адам) тексеру жүргізудің мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Тексеру мерзімі ұзартылған жағдайда мемлекеттік орган міндетті түрде құқықтық статистика органында тіркеу арқылы тексеруді ұзарту туралы қосымша актіні ресімдейді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің нөмірі мен тіркелген күні және ұзартудың себебі көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет