6-тақырып. (2 сабақ) Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу


Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады



бет15/26
Дата11.03.2023
өлшемі369,5 Kb.
#171918
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
6-та ырып. (2 саба ) К сіпкерлік ызметті мемлекеттік реттеу (1)

Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • адамдардың өмірі мен денсаулығын, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

  • саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

  • заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар рыногындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттаудың түрлері
Сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері белгіленеді.
Міндетті сертификаттау дегеніміз - адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне енгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін және талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларациямен растауға жол берілетін өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың, атқарушылардың) бастамашылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.
Міндетті сертификаттауға жататын және талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларациямен растауға жол берілетін өнімдер тізбесіне енгізілген өнімнің талапқа сай екендігін сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы дайындаушы растай алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет