6-ТАҚЫРЫП. МЕНДЕЛЕЕВ-КЛАЙПЕРОН ТЕҢДЕУІНЕ ЖӘНЕ ИЗОПРОЦЕСТЕРГЕ ЕСЕП ШЕШУ. Идеал газ күйі Менделеев-Клайперон теңдеуімен (дененің дербес массасы үшін күй теңдеуі) сипатталады.
Газ заңдары (Бойль-Мариотт; Гей-Люссак; Шарль) масса және үш параметрдің бірінің тұрақтылығы кезіндегі изопроцестерді сипаттайды. Сәйкес мәселелердің мағынасы: газдың бір күйі сипатталады немесе газдың екі күйі сипатталады.
Есеп шығару процесінде физикалық шамалар арасындағы тәуелділіктердің түрлі формалары жүзеге асырылады: аналитикалық, графиктік және кестелік. Осы бөлімнің есептерін шығаруда ерекше көрнекілікті графиктік форма атқарады.