6 тақырып. Нарық шаруашылықТЫҢ жалпы сипаттамасы. Нарықтың мәні және түрлері



бет5/7
Дата26.05.2022
өлшемі37,82 Kb.
#145095
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 дәріс
Вопросы Финансы-каз, Макроэкономика 2 аралық бақылау сұрақтары (1), 1-2022-31-000805523-2-1

Қаржы нарығы


Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Экономикалық теориядағы жасырын экономика - әртүрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр әлеуметтік экономикалық салаларға лауазымдық қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.
Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.
Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.
Бәсекені бірнеше белгілері бойынша мынадай тұрлерге бөлуге болады:

  1. Даму масштабы бойынша:

    1. Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын таңдап алуға талаптанады.

    2. Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы.

    3. Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.

    4. Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.

    5. Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.

    6. Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.

  2. Жүргізу әсеріне қарай:

    1. Бағалық бәсеке – бағаны төмендету арқылы

    2. Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.

  3. Ниет тәсілдері бойынша:

    1. Адал ниеттілік бәсеке

    2. Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.

  4. Бәсеке даму сипатына қарай:

    1. Жетілген бәсеке

    2. Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Осы айтылғандарға сәйкес нарық былай бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет