6. Тақырып: Созылмалы өкпелік жүрек. Есеп №1



бет8/13
Дата06.02.2022
өлшемі28,63 Kb.
#80202
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
6 тақырып сит есептері

4. Емдеу жоспарын құрыныз
Дəрі-дəрмексіз ем: себепті аллергендермен жанасуды, спецификалық емес тітіркендіргіштер əсерін болдырмау (темекі тарту, кəсіби зияндықтар, поллютанттар, өткір иістер жəне басқа).


Дəрі-дəрмектік ем
Ұстамаларды басу:
- ингаляциялық тез əсердегі 2-агонистер
Сальбутамол
Rp.: Aer. Salbutamoli 100 mkg/d 200 doses-12ml
D.t.d. N 1 flac
S. күніне 2рет ингалияция түрінде
- ингаляциялық холинолитиктер (ипратропий бромиді); құрамында холинолитиктер мен 2-агонистер қосылған комбинациялы дəрі дəрмектер; қысқа əсердегі метилксантиндер (аминофиллин);
Rp.: Sol. Aminophyllini 2,4% – 10 ml
D. №5 in amp.
S. 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне араластырып вена ішіне енгізіңіз.

- жүйелі ГКС (преднизолон).


Rp.: Sol. Prednisoloni 30mg/ml -1ml
D. t. d. № 3 in ampull.
S: 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне араластырып вена ішіне енгізіңіз


ЕСЕП № 4
Науқас Д, 29 жаста, жастайынан жыл сайын көктем-күз айларында көп мөлшердегі жағымсыз иісті кілегейлі – іріңді қақырық бөліну мен жөтел, қан қақыру, субфебрилитет, салмақ жоғалту, аз физикалық күштемеден кейін пайда болатын ентігу мазалайды. Қақырықтың бөліну жиілігі мен көлемі дене қалпына тәуелді. Соңғы 3 жылда бетінің ісіңкі болғандығын байқаған. Науқас 3 айдан бері етек кірінің кешігуін айтады. Қарағанда: тамақтануы нашар, тері жамылғылары бозғылт, еріндерінде цианоз, акроцианоз, қабақ, беттері ісіңкі. Саусақтары «дабыл таяқшалары»-на ұқсайды, тырнақтары «сағат айнегі» тәрізді. Кеудесінің сол жақ бөлігі тыныс алу актінен қалыңқы, перкуторлық дыбыстың мозаикалық анықталуы, тұйық және қорап тәрізді дыбыстардың ауыспалы түрде келуі. Өкпенің төменгі шектерінің бұғана ортаңғы сызық бойындағы қозғалысы-4см, жауырын астында – 3 см. Аускультацияда: тынысы қатаң, тұйықталған аймақтарда орташа көлемді ылғалды көпіршікті, жөтелгеннен кейін біршама азаятын сырылдар анықталады. ТАЖ-20 рет/мин. Жүрек шекаралары қалыптыға жақын, тондары әлсіреген, ырғағы ырғақты, АҚ110/80 мм.сын.бағ. іші жұмсақ, ауырсынусыз. Курлов бойынша бауыр өлшемдері: 9-8-7см. Қанның жалпы анализі: Эритроциттер-3,2x10*12/л Гемоглобин-106 г/л Лейкоциттер-9,4x10*9/л, ЭТЖ-32 мм/с, Базофилдер-2, Эозинофилдер-5 таяқшаядролық - 7, Сегментоядролық-60, Лимфоциттер-20, Моноциттер-5 Биохимиялық қан анализі:жалпы белок-54г/л Холестерин-7,2 ммоль/л Креатинин90мкмоль/л. Зәрдің жалпы анализі: салыс.тығ-1008, белок-2,4%, зәрдің тұнбасында: гиалинді, балауыз тәрізді цилиндрлер, аздап эритроциттер. Кеуде сарайының рентгенографиясы: өкпенің сол жақ төменгі болігінің көлемінің кішіреюі, ірі ұяшық тәрізді өкпе сүретінің деформациясы, әр жерде киста тәрізді көлеңкелер. Қақырық анализі: консистенциясы тұтқыр, құрамы: кілегейлі-іріңді, микроскопия-көп мөлшерде лейкоциттер, эритроцитер. Флораға қақырықты егу: грам (+) және грам (-) микрофлоралар. Фибробронхоскопия: кеңірдек пен бронхтардың кілегей қабаты бозғылтқызғыш, әр жерінде атрофиялық аймақтар анықталады, сол жақ төменгі бөлікті бронхта тығыз-консистенциялы ірің анықталады, оң жақ – регионарлы бронхтардың қуысында іріңді бөліністер анықталады. Гинекологтың көруі: жүктіліктің 12 апталығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет