6. Тарихи құжаттар және олардың түрлері



бет1/3
Дата18.12.2022
өлшемі21,83 Kb.
#163133
түріОқулық
  1   2   3
Байланысты:
НАРГИЗ ӘДІСТЕМЕ (0)


6.Тарихи құжаттар және олардың түрлері - Тарихи дереккөздеріне адам қолымен жасалан — оның қоршаған ортамен байланысының нәтижесі, материалдық мәдениет, салт-дәстүр заттары, жазба ескерткіштер жатады. Әдістеме пәнінде кең мағынада айтқанда, жазба ескерткіштерді тарихи құжаттар деп атайды.
Ресейлік әдіскер-ғалым, профессор М. М. Стасюлевич 1863 жылы оқушылардың тарихи дамуы үшін оқулықпен жұмыс жасағаннан тікелей тарихи дерек көздерімен (кұжаттармен) танысудың маңызы зор екендігін айтқан еді.. Құжат мұғалім әңгімесін жандандырады, соның негізінде жасалған тұжырым сенімді шығады. Құжаттың маңыздылығының бір қыры – ол тарихи материалды нақтыландырып, откен уақыттың жарқын бейнесі мен суретін көз алдыңа келтіріп, дәуір тынысын сезуге көмектеседі. «Жамиғ-ат Тауарих» еңбегінің бастапқы азатжолын мысалға келтіруге болады. Ескі құжаттар ежелгі автордың тілі, ойлау жүйесі, тұрмыс-салт ерекшелігі туралы көрнекті безендірме береді.
Құжаттармен жұмыс барысында оқушылардың ойлау және қиялдау процесінің белсенділігі артып, олардың тарихи білімді игеруі және тарихи санасының дамуы жемісті бола түседі. Ол сипат бойынша барлық құжаттарды екі топқа топтастырамыз. Бірінші –баяндау-суреттеу құжаттары: екінші — өз кезінде практикалық маңызы болған актылық сипаттағы құжаттар. Бұл құжаттар бірін-бірі толықтырып отырады. Ал коркемсөз ескерткіштері құжаттардың қосымша тобын кұрайды.
Актіліқ құжаттар – заңдық, шаруашылық, саяси, бағдарламалық кұжаттарды құрайды (грамоталар, заң, жарлық, келісім-шарт, статистикалық, және тергеу кұжаттары, бағдарламалар, сөздер). Баяндау – суреттеу құжаттары — жылнама, шежіре, хроника, естелік, хат, саяхатжазбаларын құрайды. Көркемсөз ескерткіштері ежелгі және ортағасырлар тарихындағы халықтың ауызекі шығармашылығы (миф, мысал, шешендік сөздер, аңыздар,жоқтау жырлары, эпос).
7.Сабақ типтері және оқыту түрлері - Сабақтарды жіктеу үшін типтерге бөлу деген бар.Бастапқыда оны қолданып, енгізген Б.П. Есипов. Ол ерекше атап өтті:
1. Жаңа материалды меңгеру сабағы (дәріс, конференция, әңгіме).
2. Білімді бекіту сабағы (практикум, зертханалық жұмыс).
3. Білімді жалпылау және жүйелеу сабағы (семинар, конференция).
4. Үйренгендерін бекіту сабағы (топтық жұмыс, өз бетінше, бақылау).
5.Біріктірілген сабақ.
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет