Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



Pdf көрінісі
бет10/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
b1938
-9786012473209
сперанто
тілі
болды. Ол XIX ғасырдың II жартысынан бері қарай белгілі 
болып келеді. Оны қалыптастырушы жэне атау беруші — поляк 
дәрігері Заменгоф. Ол 1887 жылы жарык көрген «Лингвоинтерна- 
ция» (халықаралық тіл) деген еңбегіне эспёранто деген бүркеншік 
атты автор еткен. Эсперанто сөзі «үміттенуші» деген мағынаны 
білдіреді. Қазіргі кезде эсперантоны зерттеушілер одағы да бар, 56 
елде эсперантистердің үлттық бірлестіктері бар. Тіпті 25 радио- 
станциялары эсперанто тілінде хабар таратып түратын көрінеді. 
Бүл тілде оқулықгар, түрлі әдебиеттер шыққан. Лондондагы арнау- 
лы эсперанто кітапханасында осы тілде жазылған 30 мыңдай еңбек 
жиналған көрінеді. Ресейде эсперанто одағы 1925 жылы қүрылып, 
жұмыс істеп келеді.
Эсперантоның сөздік қүрамы үндіеуропа жэне басқа 
да тілдерге ортақ сөздер негізінде жасалған. Онда не бары 16 
грамматикалық ереже, 40 жуық қосымша бар. Әліппесі лагын гра- 
фикасына негізделген, ол 28 таңбадан түрады. Дегенмен эсперанто 
нағыз тіл емес, тілге көмекші, тэжірибе ретіндегі дүние. Әлемдік тіл 
дәрежесін эсперанто сияқты жасанды тіл жасай алмайды.
Сонымен қатар, тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің
қалыптасуы, стильдік тармақталуы туралы мәселелер де тіл жэне
коғам түсінігіне орайласады. Бүл бағыттағы барлық мәселелермен
тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын элеуметтік тіл білімі 
ғылымы айналысады. 
т ^ -
Әдеби тіл
Әдеби тіл - үлт тілінің ең жоғарғы түрі, оның өңделген, 
жөнделген, ең үлгілі саласы. Әдеби тіл — жалпыхалықтық тіл мар- 
жанын жинақтап, сүрыпталған, екшелген, қызметке бай, элеуметтік 
сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала. Әдеби тілдің 
қалыптасуы жазба тілдің қалыптасып, дамуымен тығыз байланы- 
сты. Сөз жоқ, тілдік материалдарды іріктеп, екшеп, өңдеп қолдануға 
талаптанушылық қай дәуірде болса да және сөйлеу тілінде де бола 
береді. Жазба тілдіщ жоқ кезеңдерінде кең етек алған ауыз әдебиеті
28


үлгілершде плдік материалдарды екшеп, іріктеп, өңдеп қолдану 
болмады деу жон болмас, алайда, ауызекі тілдегі өндеу, екшеулер 
мен жазба әдеби тілдегі өңдеу, екшеулер бір емес. Мүндағы өңдеу- 
жөндеулер, екшеп іріктеулер — әлдеқайда жетілген, бір ізге түсіп 
орныққан, бүкіл тілдік қауым таныған, қабылдаған, барлығына 
бірдей міндетті үлгіге, нормаға айналған өңдеулер.
Әдеби тіл жазба тіл негізінде қалыптасып, орнығып, халық 
арасына кең тарағаннан кейін, ол тек жазба түрде ғана емес, ауызекі 
сөйлеу тілі арқылы да іске асып отырады. Әдеби тіл дегеніміз — 
жалпыхалықгық, біргүгас үлттық тілден мейлінше бөлек жагқан 
дүние емес, ол солардың өңделген, жетілген, жоғарғы сатысы, 
жалпыхалықгық тілдің диалект, сөйленіс, жаргон, ауызекі тіл 
сияқты қызметіңің бір түрі. Ол да тарихи кұбылыс. Сондықган 
ондағы өңдеу, екшеп, іріктеп қолдану дегендердің дәрежесі барлық 
тілдерде және барлық дэуірде бірдей болмақ емес, олар да төменгі 
дэрежеден жоғары сатыға біртіндеп көтерілмек.
Үлттық тілде эдеби тілдің болуы шарт болғанымен, әдеби 
тіл болу үшін үлтгық тілдің болуы міндетті емес. Әдеби тіл үлттық 
бірлікке дейін де болған. Ол дәуірдегі әдеби тіл оны қолданушы 
қауымның тарихи жағдайына, мэдени дәрежесіне қарай белгілі бір 
жергілікті диалект негізінде қалыптасуы да немесе күшпен енген 
жат жүрттықгар тілі болуы да мүмкін.
Әдеби тіл кенеттен, ғайыптан пайда болмайды. Ол бүрыннан 
бар белгілі тілдің негізінде жасалады. К. Маркс пен Ф. Эн- 
гельс «Неміс идеологиясы» атты еңбегінде үлт тілі мен әдеби тіл 
қаллыптасуының үш түрлі жолын көрсетеді:
Бүрыннан бар халықгық тіл негізінде жасалады. Мүндай 
әдеби тіл эр хал ықтың өзіне тэн төл тілі болып есептеледі.
Әртүрлі үлттардың, олардың тілдерінің араласып, будандасуы 
негізіндебелгілібіртілбірнешеұлттарәдебитілдерінқалыптастыруға 
негіз болуы мүмкін. Мәселен, Латын Америкасында түратын жиыр- 
ма шақты ұлт, ұлт тілі әдеби тіл ретінде испан тілін пайдаланады, 
ағылшын тілі ағылшындардың да, солтүстік америкалықтардың да, 
канадалықтардың да, жаңа зеландиялықгардың да ұлттық тілі, сол 
сияқты неміс тілі немістердің де, австралиялықтардың да ұлттық 
тілі т.б. Лингвистика гылымында бұлар ортақ тілдер деп атала-


ды. Әрине, негізіне ортақтық жатканымен, бұл ортақ тілдердің эр 
ұлт ішінде қолдануларында, нормасында бір-біріне ұқсамайтын
өзгешеліктер болмай қоймайды.
Өзара туыстас, төркіндес, бір-бірімен тығыз байланысты 
диалектілердің шоғырлануы негізіңде қалыптасады. Мұндай 
жағдайда ол диалектілер ішіндегі басқаларға қарағанда жалпылык. 
ортақтық сипаты молырақ бірі ұлттық әдеби тілдің қалыптасуына 
негіз болуы мүмкін. Қазақ эдеби тілі осылаЙ қалыптасты.
Жазба тіл деген бар да, жазу деген бар. Бұл екеуі өзара 
жақын болғанымен, бір ұғымды білдірмейді. Жазба тіл — баспасөз 
тілі, ғылым тілі. Ал жазу - әліппе, ойды қағаз бетіне түсіру үшін 
қолданылатын таңбалар жиынтығы. Жазу болған жердің бэрінде 
қапыптасқан жазба тіл, әдеби тіл бола бермейді. Мысалы, қазақ 
халқы да басқа түркі жұрты секілді араб жащуын ертеден бастап 
қолданды. Бірақ, біріншіден, оны қолданушылар сан жағынан 
мейлінше аз болды, екіншіден, жазу болғанымен XX ғасырдың ба- 
сына дейін қалыптасқан жазба тіл болған жоқ.
Әдеби тілдің сипаты да біркелкі болмайды. Көп жағдайда эр 
ұлт тек өзіне ғана меншікті жеке әдеби тілге ие болатындарымен 
қатар, кейдк бір этникалық бірліктің екі бірдей әдеби тілге (жазба 
тілге) ие болатыны бар. Мысалы, мордвалықтар - эрзя-мордва жэне 
мокша-мордва деп аталатын екі тілді, комилер - коми-зырян жэне 
коми-перм деп аталатын екі тілді, т.б. қоладанады. Кейде осының 
керісінше, екі немесе одан да көп халықгардың, ұлттардың ортақ 
бір ғана әдеби тілді қолданатыны да бар. Мысалы, кабардылар мен 
черкестер екі түрлі халық бола тұра, кабарды-черкес тілі деп атала- 
тын бір тілді қолданады.
Әдеби тілдің өзіндік нормасы, сол нормаға негізделген эртүрлі 
стильдік ерекшеліктері болады. Әдеби тіл нормасы тілдік жүйемен
де, жалпыхалықтық тшді қолдануда қалыптасқан тілдік дәстүрмен 
де байланысты, солардың негізінде қалыптасады. Жалпыхалықгық 
тілдің де, әдеби тілдің де нормасының негізі - тілдік жүйе. Жүйе
- тілдің құрылымдық мүмкіндігі болса, норма - сол дерексіз 
құрылым, жүйе мүмкіндіктерінің тілдік мэтін жасау тәжірибесінде 
көрінуі, сөйлеу үдерісіндегі күйі.
Норма тілдік жүйеге негізделеді, дегенмен бұдан оны тілдің 
тек ішкі зандылығынан ғана туатын, тек соган ғана бағынатын,
30


қоғамға, тілдік қауым еркіне тәуелсіз, объективті құбылыс деп 
түсінуге болмайды. Тілдік норманы қалыптастырып дамьггуда, рет- 
теп оған сындарлы сипат беруде тіл иелері, тіпдік қауым шешуші 
қызмет аткарады.
Тіл білімінде тілді қолданудағы заңдылықтарды сөз еткен- 
де узус (латынша - әдет, дағды, ереже д.м.), норма деген термин- 
дер қолданылады. Бұл екеуі өзара жақын байланысты болса да, 
бір құбылыс емес. Узус - этникалық топ өкілдерінің тілді қолдану 
үдерісінде қалыптасқан, орныкқан дэстүрі, дағдысы, ережесі. Ал 
норма деген термин тек эдеби тіл үлесіне ғана тиесілі де, узус жал- 
пы тілдік норма, тілдік дәстүр дегенді білдіреді. Яғни, узустың 
мағынасы кең эрі ондагы талап нормадағыдай қатал да, берік те 
емес. Узус диалектілік, әлеуметтік ерекшелікгеріне қарамастан, 
тілді қолданудағы барлық көріністерді, қүбылыстарды қамтиды. 
Ал, олардың ішінде нормаға жататыны да, жатпайтыны да болады. 
Мүндай еркіндік әдеби нормаға түспеген тілде кездесе береді. 
Бірак бүдан әдеби үлгіге, нормаға түспеген тілді бейберекет жатқан 
жүйесіз, заң-ережемен шекгелмеген бірдеме деп түсінуге бол- 
майды. Норма тілдін ішкі заңына, жүйелік құрылымына тәуелді, 
соның қажетінен туатын объекгивтік құбылыс емес, қоғамдық 
қажеттіліктен туады. Оны реттеп, бір жүйеге келтіріп, заңдастырып 
отырагындар тілді колданушылар, мемлекеттік орындар. Әдеи 
нормада узусқа қарағанда тілдік материалдарды пайдалануда 
саналылық. жауапкершілік мейлінше күшейеді.
Әдеби норма бірізді, тұракты болады дегенді абсолюпгтік мэнде 
түсінуге болмайды. Бірізділік деген бірқалыпта қатып қалу деген 
емес, эртүрлі нұскада келу әдеби нормаға да тэн. Олай болмаған 
жагдайда, ол сымбаттылықган, тартымдылықтан. бейнеліліктен 
айырылған, семиотикалық таңбалар сияқгы тіл болып шығатын еді.
Тіл және мэденнет
Тіл мен мәдениеттің өзара байланыстылығы, тіл туралы 
гылымды мэдениеттің негізгі формасы ретінде танушылық тіл та- 
рихы кезеңдерінде де, заманауи тіл білімінде де өзекті мәселелердің 
қатарынан орын алады. Мэдениет - адамзат қоғамының өндірістегі, 
қоғамдық жэне рухани оміріндегі 
жетістігінің көрсеткіші. 
Әдетте мэдениетті материалдык жэне рухани деп екі үлкен топқа
31


бөліп қарайды. Мәдениет термині дегенмен де халықтың руха- 
ни өміріне қатысты қаралса керек. Көне заман мәдениеті, орта 
ғасырлық мәдениет, т.б. деп бөліп қараймыз. Жекелеген тұлға өз 
халқының мэдениетін эртүрлі танытады. Ол еңбек пен түрмыс 
мэдениетінде, сөйлеу мэдениетінде көрінеді. Тіл, негізінен алғанда, 
рухани мәдениетпен, қоғамның гылыми өмірімен, философиямен 
тығыз байланысты. Оның үстіне тілдің өзі де халықтың рухани 
мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Тілде үлттық мәдениеттің 
формасы ретінде хал ықаралық жэне үлттық, қогамдық жэне жаппай 
мәдениет түрлері көрініс табады. 
*
Сонымен бірге тіл мен мэдениеттің өзге де бөлшектері 
арасындағы екі жақты байланысты айта кету керек. Мәселен, эдеби 
тілдің қалыптасуына саяси-экономикалық, мэдени-тарихи фактор- 
лар айтарлықтай ықпал етеді.
Ұ сынылатын әдебиеттер:
1. 
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
2. 
Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.
3. 
Шарафутдинова Н.С. Теория и история лингвистической
науки. Москва, 2008.
4. 
Лингвистический энциклопедический словарь. Москва.
1990.
5. 
Алтынбекова О., Никбаева К. Билингвизм типологиясы
туралы. //Қазақ тілі мен әдебиеті. 2006, №6, 115-123 бб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет