Л
щ -
я
т
*
т *
ану тілге байланысты. Тіл — дүниенің кілті. Адам тіл жасағанды
ана таниды» - деп есептейді. Сонымен катар ол; «Тіл — дүниенің
ейнесі. Сөз нақты затты емес, зат туралы үғымды білдіреді» дейді.
Іғни, Л. Вайсгербер тілдің дүние танудағы әлеуметтік сипатына,
үшіне ерекше мән беріп, оны «дүниені қайта жасаудың қүралы»
^еп түйіндейді.
Сөйтіп, екі мектеп өкілдері де: «Адамдардың
>й-санасы, дүниеге көзқарасы, өмірді тануы, мінез-қүлқы - бәрі
іе тілге тәуелді. Олардың бәрін тіл басқарады. Тіл тарихты да,
іәдениетті де жасаушы, қайта туғызушы», - деп, тілдің қоғам
іамуындағы атқаратын рөлін шектен тыс асыра бағалайды. Тілге
)ның жаратылысында жок міндеттерді теліді.
Тілдің коғам өмірінде елеулі рөл атқаратыны, оның руха-
ш жағын (халыктың мәдениеті, әдебиеті, білімі, ғылымы, діні,
энері, салты, ғүрпы) зерттеуде септігін мол тигізетіндігі рас.
Гондай-ақ, тілдің қоғамдық ой-пікірді қалыптастыруда да бейта-
#
эап қалмайтындығы айқын. Бірақ солардың ешқайсысына да тіл -
билеушілік, басқарушылық, бағыт сілтеушілік қызмет атқармайды.
Ой-сананың қалыптасуына, оның жарыққа шығуына тілдің
көрсетер көмегі аз емес. Бірақ одан «ойлауды, сананы тіл тугызады,
тіл басқарады» деген қорытынды шығаруға болмайды. Тілдің
объективті өмірді танып, білудегі рөлі де дэл осындай.
Этнолингвистикалық мектептердің ерекше көңіл бөлген
тағы бір мэселесі - тілдердің грамматикалық құрылыстарындағы
өзгешеліктер. Бұл мэселеде де этнолингвистер В. Гумбольдггың
пікірін басшьшыққа алады. Ол дүние жүзіндегі халықтардың
эртүрлі тілде сөйлеу себебін рухтан іздеді. В. Гумбольдт: «Тіл
дегеніміз - сол тілді қолданушы халыктың рухы. Әр халықтың
рухы эр басқа. Соған сәйкес олардың
тілдері де басқа-
басқа болады. Тілдердің өзгешеліктері халықтардың дүниеге
көзқарастарының өзгешеліктерінде» деп санады. Осы пікірлерге
орай этнолингвистикалық
мекгептер
тілдердің
грамматика-
сына да оларға тэн емес қызмет жүктеді. Мәселен, олар: «Грам-
матика — халықтың ақыл-ой парасатын,
мінез-күлқын
жасау-
шы. Тіл қүрылымдарының эртүрлі болуы - халықтардың ойлау
формасының эртүрлілігінің белгісі» деп айтты.
Америка лингвисі Б. Уорф тілдердің грамматикалық
құрылымдарындағы
өзгешеліктерді
халықтардың
ойлау
формаларындағы,
дүниеге
көзқарастарындағы,
дүние
тану
қабілеттеріндегі өзгешеліктер, - деп ашық айтты. Оның пікірінше:
«Тіл дегеніміз - үғым, түсінік, мағына. Ал ой-сана дүниені
бейнелейді. Яғни, дүние тілден көрініс табады. Бірақ элгі дүние эр
тілде эртүрлі бейнеленеді. Ол сол халықтың дүниеге көзқарасына,
тілдік ойлауына байланысты». Б. Уорф мүнда тілдік форманы мой-
ындамайды.
Б. Уорф Америкадағы хопи деп аталатын үндістертайпасының
тілін ағылшын, франңуз, неміс тілдерімен салыстыра зерттейді де,
еуропалық тілдерде кездесетін кейбір үғымдар мен грамматикалық
категориялардың хопи тілінде үшыраспайтындығына қарап, хопи
тілінің «дүниеге көзқарасы», «тілдік ойлауы» еуропалық тілдерден
төмен, нашар, икемсіз» - деген түжырым жасайды. Бүл — қате пікір.
Рас, америкалықтар үшін капитализм - «еркіндік», ал капитапист -
«еркін адам» деген үғымды берсе, хопи тайпасының өкілдері үшін
118
капитализм - «канаушылар қоғамы», ал капиталист - «қанаушы»
деген ұйамды береді.
Дамудың жоғарғы сатысында тұрған халықтар мен төменғі
сатыда тұрған халықтардың өзін қоршаған дүниеғе көзқарасы,
түсініғі біркелкі болмайтыны табиғи нәрсе. Бірақ бұл белгілі бір
халықтың жаратылысының артықшылығынан немесе төмендіғінен
болатын нәрсе емес. Олардың бэрі де эр халықтың экономикалық
тұрмыс жағдайларына, жағрапиясына байланысты нэрселер.
Тілдердің ғрамматикалық құрылысындағы өзғешеліктерге де дэл
осы тұрғыдан қараған дұрыс.
Белгілі бір тілдерде бар ұғым екінші бір тілдерде жоқ бол-
са, ол элгі ұғым кездесетін тілдердің грамматикалық құрылысының
аргықшылығы, құдіретгілігі емес. Мысалы, қазақ тілі лексика-
сында киіз үйге, төрт түлік малға байланысты орыс тілі лексика-
сында кездеспейтін толып жагқан атаулар бар. Сол сияқгы, түркі
тілдерінде еуропалық тілдерде кездеспейтін тэуелдік жалғау ка-
тегориясы бар. Бұлар қазак, түрік халыктарының орыс, еуропа
халыктарынан артықшылығын білдіреді деуге болмайды. Немесе
керісінше, орыс, еуропа тілдерінде бар род, вид категориялары түркі
тілдерінде кездеспейтіндігіне қарап, мұны еуропалық тілдердің
жаратьшысының құдіреттітігінен дей алмаймыз. Сондықтан
этнолингвистердің бұл пікірлері өте қаге.
Алғаш қалыптасқан этнолингвистикалық бұл мектептердің
кемшілігі де болды. Олар:
1. Этнолингвистердің пікірінше, қоғамның рухани жактары
халық психикасына тәуелді. Олардың бэрін халық психикасы
белгілейді, - дейді.
2. Этнолингвистердің пікірінше, тіл қоғам өмірінің барлық
саласын басқарады, билейді, нұсқайды. Қоғам мүшелерінің дүниеге
көзқарасын, мінез-құлқын калыптастырады, - дейді.
3. Этнолингвистердің пікірінше, тілдердің эртүрлі болуы
халықтардың ойлау дэрежесінің эртүрлілігінен. Бұл — мүлдем қате
пікір. Бір ғана мысал, арыстандар — Африкалық савандарда, ақ аю -
Солтүстік мұзды мұхитында ғанатіршілік етеді. Ендеше, кең далада
өмір сүретін қазақтардың ол аңдар туралы пікірі, ойы арыстандары
немесс аюы бар, оны күнде көріп жүрген елдерден өзгеше болары
сөзсіз емес пе?!
119
Этнолингвистика дегеніміз не? Қазақтіл білімінде ғылымның
бұл саласы бұрын-соңды арнайы соз болган емес. Сондықтан да
бұл біздер үшін эрі жаңа, әрі тың проблема болып саналады. Ана
тіліміздің үшан-теңіз байлығын, ғасырлар бойы толассыз толығып,
үрпақтан үрпаққа ауысып, мүра болып келе жатқан асыл қазынасын
мүмкіндігінше толық меңгеріп, ел игілігіне айналдыруды мақсат
ететін ғылым салаларының бірі - осы этнолингвистика болса ке-
рек. Сонда, этнолингвистиканың мақсаты не, зерттеу объектісіндегі
ортақгық неге байланысты? Ғылым дүниесі қандай қажеттікпен
этнография мен лингвистиканың ортасынан жаңа ғылым саласын
тудырып, оған «этнолингвистика» деп ат қойып, айдар тағып отыр?
Этнолингвистика терминіне тілшілердің беріп отырган жүпыны
ғана анықтамасы мынау: «Этнолингвистика - это «раздел макро-
лингвистики, изучающий отношения между языком и народом и
взаимодействие лингвистических и этнических факторов в функ-
ционировании и развитии языка [1. 529].
Этнографтардың бүл
жайындағы түсінігі де біржақты сияқты. Олар бүл терминге бай-
ланысты зерттеу объекгісін негізінен этнос деп қарайды да, тілді
екіншіорынғақояды.
.
Бүл ғылым саласының бір кереметтігі де, бүгінгі таңдағы
ғылыми-практикалық маңызы да - оның монолиттік түтастығында,
бір-біріне етене жакын, тіпті бірінсіз бірін толық түсінуге болмай-
тын объект екендігінде. Ол объект - этнос жэне оның тілі. Өйткені
тілсіз этнос, этноссыз тіл өмір сүруі мүмкін емес.
Этнос деп отырғанымыз — белгілі бір тарихи дәуірде және
өлкеде қалыптасып, өзінің өзгеден ерекшелігін тани білген, тілінің,
дінінің, табиғатының, психологиясының түтастыгын мойындаған,
басқа да өзіндік қасиеттерін сезіне білген кауым. Этнос белгілі бір
қоғамдық формацияда ру, ру-тайпа бірлестігі болып саналса, фео-
дализм дэуірінде - үлыс не халық, капитализм дэуірінде үлт ретінде
дамуы мүмкін. Бүл бэрімізге белгілі қағида.
Тіл білімі өзі қаншалықты көне болса, тіл мен этностың
ара—қатынас мәселесі де соншалыкты эріден келе жатқан, ежелден
бар қүбылыс. Тіл - этностың ең түрақты, ең бір басы ашық негізгі
көрсеткіші. Ал түрақтылыгы бүған қараганда осалдау, өзгеруге
бейім территориялық бірлік, экономикалық-шаруашылық жэне
120
мәдениет тұтастығы, т.б. этностың қосалқы белгілеріне жагады. Де-
мек, тіл гағдыры мен этнос тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты.
Этнолингвистиканың
міндетіне жеке тіл
немесе тіл
топтарының дамуын тілді қолданушы сол этностың тарихымен
байланыстыра қарап, бір мәнге ие болғанымен, тіл мен әдебиетке
әрқилы көрінетін ұғымдарды, сонымен бірге этностың өзіндік ой-
лау ерекшелігінің тілдік көрінісін зертгеу жатады. Жалпы алғанда,
этнолингвистика - этностың болмысынан туындап, санасында са-
раланып, тарихи жадында сақталып, тілі арқылы ғасырлар бойы
қапыптасып, қорланып, рухани мәдени мұра ретінде атадан балаға,
әулеттен нэсілге үзілмей ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты
жаңғыртып, жан-жақты зерттеп танымдық мэнін ашып, болашақ
ұрпаққа ұсыну мақсатында дүниеге келген күрделі бағыт. Осы
ерекшеліктеріне орай оны «этностык тілтаным» десе де болғандай.
Қазақ тіл біліміндегі антропоөзектік бағытгағы зерттеулерде,
еңалдымен,тіл мен этносаралықсабакгастық мэселесі нысанғаальш-
ды. Қазақ тіл білімі ғылымында тілді жоғары адамзаттық кұндылық
ретінде бағалап, оны антропологиялық танымның, этникалық
қалыптасудың құралы тұрғысынан сипаттау XX ғасырдың 80-жыл-
дарында Ә. Қайдар зерттеулерінен нақты басталады. Ғ алымның «Тіл
—
этнос - таным» мәселелерінің сабактастығын танытатын ғылыми
идеялары қазіргі қазақ тіл білімі ғылымын жаңа белеске көтерді.
Ғалымның зергтеулерінде «Этностың дүниеге келуіне ұйтқы болған
да — тіл, рухани-мэдени өмірінің өзегі де, өзін-өзі танып білудің
өлшемі де - сол тіл» - деп түйінделеді [2. 11]. «Қазақ тілінің өзекті
мэселелері» атты еңбегінде Ә. Қайдар этнолингвистиканың зерттеу
нысаны мен мақсат-міндеттеріне токталып, оның мәдениетгану,
этнография,
өлкетану, фольклористика, мифология, дінтану,
астрология, т.б. қоғамдык-элеуметтік пәндермен, этимология,
диалектология, ономастика, фразеология, лексикография, терми-
нология, т.б. лингвистикалық пәндермен арақатынасына кеңінен
сипаггтама береді. Сондай-ақ, ғалым тілдің лексика-семантикалық
қорын дамьпудын, байытудың этнолингвистикалық арналарын
көрсетіп, тіл байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің
ұстанымдарын айқындап береді.
Сонымен қатар, қазақ тіл білімінде этнолингвистиканың
негізіне ғылыми терең талдау жасап, библиографиялық шолу
121
|