Қ65 д м г ш м л а у ш й л р р іж т щ І > — ііч іг п Ж. Қоңыратбаева тіл білімі



Pdf көрінісі
бет39/50
Дата06.02.2023
өлшемі17,16 Mb.
#167653
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
b1938

Түркітану гылымыныц зерттелуі
Түркітану - жалпы Шығыстану ғылымының бір саласы. 
Түркітану - өте күрделі гылым. Онымен тарихы, философия, эт- 
нография, археология, лингвистика, әдебиеттану сияқгы көптеген
гылымдар айналысады.
Түркітану ғылым атауы ретінде «түрік», «түркі» деген
сөздер негізінде пайда болған. «Түрік», «түркі» атаулары түркі 
халыктарының көне жазбаларында өте ертеден бар, ал еуропалық 
жазбаларда біздің заманымыздың X ғасырынан белгілі.
«Түрік» сөзінің этимологиясы белгісіз. Ғ алымдардың айтуына 
карағанда, ол батыр, күшті деген мағынаны білдірген. «Түркі» ерте- 
де этникалық атау ретінде қолданылмаған, әрқайсысының өздеріне 
тэн этникалық атаулары бар тайпалардың саяси бірлестігінің аты 
болған. Ертедегі әскери шонжарлар «түркі» деп аталған. Келе-ке- 
ле түркілер басшьшығымен біріктірілген тайпалар түріктер деп 
аггалған да, «түрік» этникапық атауға айналған.
«Түрік» сөзін өзінің этникалық, үлттық атауы ретінде иемден- 
ген жэне күні бүгінге дейін сол мағынада қолданатын Түрік респу- 
бликасында түратын «Осман түрікгері» деп аталатын бір ғана халық. 
Ал «түркі» деген сөз — «түрік» атауы сияқты бір ғана халыққа, үлтқа 
тэн агау емес, ол - эрқайсысының өздеріне меншікті үлттық атау- 
лары бар түркі халықгарының бэрін қамтитын атау. «Түркі» - бір 
ғана халыктың атауы мэнінде қалыптасқан «түрік» атауымен ша- 
тастырмау үшін, барлық түркі халқы Осман түріктерінен тараған 
екен деген теріс үғым тумау үшін, түркітануда XX ғасырдан бастап 
қолданылып жүрген, әбден орныққан ғылыми термин.
Ертеректе түркі халқын гректер - скиф, қытайлар - гунн, 
ирандар — сақ деп атаған. «Түркі тілдері» деген жалпы атау, оның 
қүрамына түркі тілдес 30-ға тарта үлттар мен этникалық топтар 
енеді. Солардың бірі — қазақтар. Түркілер — дамудың талай киян- 
кескі өткелдерінен өткен көне халық, қазақтар да солай.«Арғы қазақ 
ер түрік» деп Мағжан Жүмабаев атйқандай, қазақ хапқының арғы 
тегі, түпкі төркіні — түркілер. Түркілердің бір бөлігі, бір тармагы
# Г
болғандықтан, олар өткен тарихи өткелдерден қазақтар да өтті.
111


Осы себептен де қазақ халқының азаматгық, тілдік, рухани тарихы, 
белгілі шамада болса да, жалпы түркілік тарихпен сабақтасып жа- 
тады. Сондықтан түркілер тарихынан, түркітану қағидаларынан ха- 
бардар болмайынша, туған халқымыздың, тіліміздің тарихын жете 
білу мүмкін емес. Түркітануды білудің қажеттігі, міне, осында.
Түркітану ғылымының дүниеге келіп, толық қалыптасу 
тарихы ХҮІІІ ғасырдан басталады. Ол түркі халықтарының 
тілін, әдебиетін, тарихын, этнографиясьін зерттейтін ғылымдар 
қосындысы ретінде Ресейде қалыптасқан. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда 
жасалған түркітанымдық зерттеулер (П. М. Мелиоранский, В. В. 
Радлов, А. Н. Самойлович, т.б.) XX ғасырда өз жалғасын тапты.
XX ғасыр XIX ғасырдағы түркітанулық зеттеудің жалғасы ретінде 
бүрынғы еңбектерді тереңдетті, жаңа зерттеушілерді дүниеге алып 
келді. Оның көшбасында қазақғалымы Ахмет Байтүрсынүлы түрды. 
Алайда 1917жылғы Қазан төңкерісінен соң түркі халықгарының 
мәдениетіне, тіліне, әдебиетіне 
Ресей өкіметі зорлык жасап, 
түркі жүртының тізгінін қол астында үстап түрғандығы тарихтан 
белгілі. Әрине, озық мәдениетті орыс ғалымдары үлтгық ғылымға 
жәрдем берді, түркітанымның қалыптасуына ықпал жасады. Бірақ 
ғылымның бар саласын дамытуға жағдай жасамады. Тіл жэне тіл 
пэні, түркітану ғылымы сөзсіз дамыган, дегенмен жағдай жасалын- 
са бүдан да дамыған болатыны анық еді. Кеңес өкіметі түсында 
түркітану ғылымына өзіндік үлес қосқан орыс ғалымдарының 
есімдері қазір де құрметпен аталып жүр. Мысалы, қазақ тілшілері
Н. К. Дмитриевті, Е. С. Маловты, қырғыз тілшілері К. Юдахинді, И.
А. Батмановты, өзбек тілшілері Е.Д.Поливановты, А. К. Боровков- 
ты, түркімен тілшілері А. Н. Самойловичті ерекше атайды.
Қазан төңкерісінен кейін түркі тілдерін зерттеу Мэскеу 
мен Санкт-Петерборда кеңінен етек алды. Республикаларда ин- 
ституттар, академиялар ашылып, үлкен қалаларға шоғырланды. 
Мәскеу мен Санкт-Петерборда шогырланған тілшілер жалпы жэне 
теориялық түркітанымға қатысты мэселелерді зерттеді. Мысалы,
С. Е. Малов (1880-1957 жж.) Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін,
көне үйғыр жазба тілдерін, қазіргі үйғыр, көне үйғыр тілдерін 
зерттеді, жазба ескерткіштерді аударып, транскрипция жасап жа- 
риялады. В. А. Богородицкий (1879-1941 жж.) түркі тілдерінің
112


фонетикасын салыстыра зерттеді, олардың генеалогиялык жакган 
классификациясын жасады. Н. К. Дмитриев (1898-1954 жж.) түркі 
тілдерінің тарихына байланысты түрік жэне башқұрт тілдерін жан- 
жакгы зерттеді жэне жалпы түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи 
зерттеулерге басшылык жасап, қүнды пікірлер айтты. Н. А. Баска- 
ков (1905-1993 жж.) - бүкіл түркі тілдері бойынша құнды еңбектер 
жазған, қарақалпак, ноғай, ұйғыр, алтай, тува, т.б. тілдерді зерттеп, 
теориялық еңбек жазған, бірнеше тілдердің диалекгілік ерекшелігін
тексеріп, сөздігін жасаған көрнекгі ғалым.
Бұл кезеңде түркі тілдерін зерттеу жұмыстары Түркия мен
түркі тілдес елдерде де жүргізіліп, түркітанымды дамытты. Орыс 
ғалымдарымен қатар жеке-жеке ұлт тілдерін зерттеуде өндіре 
еңбек еткен жэне еңбек етіп келе жатқан жергілікті ұлт ғалымдары 
да аз емес. Қазақ тіл білімі бойынша біз А. Байтұрсынұлының, Қ.
Жұбановтың, I. Кеңесбаевтың, Н. Сауранбаевтың, М. Балақаевтың,
С. Аманжоловтың, Ә. Қайдардың, Р. Сыздықтың т.б. көптеген 
ғалымдардың еңбектерін ерекше атаймыз. Бүгінде кең мағынадағы 
(тіл, тарих, этнография, эдебиет салалырн түгел қамтыған) 
түркітану ғылымының еліміздің барлық өлкелерін мекендейтін 
40-тай ірілі-ұсакпгы түркі халыктарының мэдени, рухани өмірінде 
алатын орны орасан зор. ¥ л т тілдерінің қатынас құралы ретінде 
дами түсуі, зерттеле беруі, сайып келгенде, эрбір халықтың өзіне 
тэн ұлттық ерекшеліктерінің сақталып қалуының бірден-бір кепілі
болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет