66.3 (5 Каз)
Н 19
Назарбаев Н.Ә
Тәуелсіздік дәуірі. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2017 ж.- 508 бет.
Қазақша- орысша екі тілде бар.
ISBN 978-601-06-4715-2
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген. Бірінші және екінші жаңғырту аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың мақсаты – елімізді қалыптасқан жаңа жаһандық ахуал жағдайында жаңғырта отырып, әлемдегі ең өркенді 30 мемлекеттің қатарына қосу. «Тәуелсіздік дәуірі» отандық және шетелдік қалың оқырман қауымды қызықтырар туынды.
Достарыңызбен бөлісу: |