2 тәсіл - екі кестенің байланысты өрістері сәйкес келетін жазбаларды біріктіру, сонымен қатар бірінші кестенің екінші кестемен байланысы жоқ барлық жазбаларды біріктіру;
3 тәсіл - екі кестенің байланысты өрістері сәйкес келетін жазбаларды біріктіру, сонымен қатар екінші кестенің бірінші кестемен байланысы жоқ барлық жазбаларды біріктіру.
Деректер сызбасында кестелер арасындағы байланыста үнсіз келісім бойынша біріктірудің бірінші тәсілі бекітіледі.
Таңдауға арналған көп кестелі сұранысты құру технологиясын мысал бойынша қарастырайық.
Тапсырма 1. Келісім-шарт бойынша сатып алушыларға жеткізілуі керек тауарлардың әрбірі бойынша жиынтық санын есептейік.
Добавление таблицы терезесінде ПОСТАВКА_ПЛАН және ТОВАР кестелерін сұранысқа енгізіңіз.
Добавление таблицы терезесін жабыңыз.
Сұраныстың деректер сызбасында автоматты түрде орнатылған 1:М байланысы бар ПОСТАВКА_ПЛАН және ТОВАР кестелері сипатталады (21-сурет).
21-сурет. Кестелерді біріктіру кезіндегі сұраныстың деректер сызбасы
Сұраныс бланкісіне КОД_ТОВАРА, НАИМ_ТОВ, КОЛ_ПОСТ өрістерін апарыңыз. Және сұранысты орындаңыз. Сұраныс нәтижесі мына түрде болады (22-сурет):
22-сурет.Сұраныс нәтижесі
Іріктеу шартында әр түрлі кестелердің өріс аттарына сілтемелер Іріктеу шартында операнд ретінде өрістер бойынша таңдау үшін тек қана нақты мәндер ғана емес, сонымен бірге кестенің өріс аттарына сілтемелер де беріле алады.
ОТГРУЗКА кестесінен ТОВАР кестесінде осы тауар үшін көрсетілген бағаға жөнелтілім санының көбейтіндісіне сәйкес келмейтін жазбаларды таңдап алу қажет.
Ол үшін төменде көрсетілгендей сұраныс құрыңыз (23-сурет).