Құбырлардығы арынды, тұрбулентті сұйық қозғалысын гидравликалық есептеу
Ұзындық бойынша арын шығынын анықтауға арналған (5.49) формуладағы гидравликалық үйкеліс коэффициенті (λ) жылтыр құбырлар үшін λ=f(Re) түрінде эмпирикалық жолмен табылады. Мысалы 2300≤Re≤105 ағын үшін Блазиус ұсынысы бойынша
. (7.1)
П.Н.Конаков Рейнольдс санының шамасы екі жағынан да шектелмейтін жалпы формула ұсынған
(7.2)
Дөңгелек қималы бұжыр құбырлардағы, кедергінің квадраттық облысында, арын шығындарын анықтау үшін Шези тәуелділігі пайдаланылады. Құбыр ұзындығын l арқылы таңбалап Шези формуласын былай жазады
Демек
Бұл формуладағы бөлшектің алымы мен бөлімін 2g-ге көбейтіп, әйгілі Вейсбах-Дарси формуласын аламыз
(7.3)
мұндағы λ – гидравликалық үйкеліс коэффициенті,
(7.4)
Шези коэффициентін (С) Н.Н.Павловский формуласы бойынша (7.4) өрнекке қойсақ
Егер жылдамдықтың
екенін есекерсек, онда арын шығынын мына формула бойынша да табуға болады
(7.5)
Бұл жерде
(7.6)
Төменде (7.1-кесте) әртүрлі құбырлардың жай-күйіне байланысты бұжырлық коэффициенттері келтірілген.
7.1-кесте
Құбырлардың қабырғаларының күйі және пайдалану ерекшеліктері
|
N
|
|
Дұрыс орнатылған және жақсы жалғасқан жаңа шойын, металл және қыш құбырлар
|
0,0110
|
90,9
|
Қалыпты жағдайда қолданылып жатқан су құбырлары, өте жақсы күйдегі бетон құбырлар
|
0,0120
|
83,3
|
Кішкене ластанған су құбырлары, өте жақсы баптағы шегенделген, болаттан жасалынған спираль құбырлар, жақсы күйдегі бетон құбырлар
|
0,0130
|
76,9
|
Ластанған су құбырлары
|
0,0140
|
71,4
|
Орташа жағдайда пайдаланылып жатқан, шегенделген, болаттан жасалынған спираль құбырлар
|
0,0150
|
66,7
|
Нашар күйдегі бетон құбырлар
|
0,0160
|
62,5
|
Ауыр жағдайда пайдаланылып жатқан, шегенделген, болаттан жасалынған спираль құбырлар
|
0,0170
|
58,8
|
Асбесті цемент құбырлар
|
0,0092
|
108,7
|
Полиэтилен құбырлар
|
0,0086
|
116,4
|
Көптеген авторлардың қатысуымен, әртүрлі бұжырлық коэффициенттер мен гидравликалық радиустар үшін, Н.Н.Павловскийдің формуласы бойынша есептелінген Шези коэффициентінің мәндері анықталған кестелер бар.
Сол сияқты (7.3) және (7.5) формулалар бойынша есептеулерді оңайлату мақсатпен, құбырлардың стандартты диаметрлері үшін, бұжырлық коэффициентінің әртүрлі мәндеріне (Н.Н.Павловскийдің формуласын қолдану арқылы) есептелген және кестелер жиі пайдаланылады.
(7.3) және (7.5) формулалар бұжыр құбырларды тек қана кедергінің квадраттық облысына дейінгі аралықта есептеу үшін арналған. Тиісті тәжірибелер көрсеткендей, үлкен диаметрлі құбырлар, салыстырмалы бұжырлықтың аздығынан, квадраттық мәнге дейінгі облыста жұмыс істейді. Үлкен диаметрлі құбырлар үшін кедергінің квадраттық заңы бұжырлық дөңестерінің биіктігі едәуір жоғары болған жағдайда ғана іске асады.
Квадраттық облысқа дейінгі гидравликалық еңістікті анықтау үшін Ф.А.Шевелев формуласын,
, (7.7)
пайдалануға болады, мұндағы K – орташа жылдамдыққа тәуелді түзету коэффициенті.
Болат және шойын құбырлар үшін түзету коэффициентінің (K) мәндері 7.2-кестеде берілген.
7.2-кесте
|
|
|
|
|
|
0,20
0,25
0,30
0,35
0,40
0,45
|
1,410
1,330
1,280
1,240
1,200
1,175
|
0,50
0,55
0,60
0,65
0,73
0,75
|
1,150
1,130
1,115
1,100
1,085
1,070
|
0,80
0,85
0,90
1,00
1,10
1,20
|
1,060
1,050
1,040
1,020
1,015
1,000
|
Төменде құбырлардың екі түрін есептеуге арналған экспериментальдық формулаларды келтіреміз:
а) асбесті цемент құбырлар үшін (Ф.А.Шевелев формуласы),
(7.8)
б) ағаш құбырлар үшін (Скобей формуласы),
(7.9)
Өздік бақылау сұрақтары
1. Сұйық қозғалысының режімін анықтау дегеніміз не?
2. Рейнольдс белгісін көрсет
3.Құбырлардағы арынды, турбулентті сұйық қозғалысын гидравликалық есепте
Қолданылған оқулықтар
1 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б
2 Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.
3 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б
4 Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.
Достарыңызбен бөлісу: |