Пьезометрлік еңістік деп потенциалдық арынның ұзындық бірлігіне келтірілген өзгерісін айтады. және - тұтқырлы сұйықтың І-І және ІІ-ІІ қималардағы үлесті потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы (4.7-сурет); мен - ағынның үлесті кинетикалық энергиясы; мен - ағынның қысымдық үлесті потенциалдық энергиясы; мен - ағынның салыстырмалы биіктігіне байланысты үлесті потенциалдық энергиясы.
18-сурет
Сонымен, тұтқырлы сұйықтың толық ағынға арналған Бернулли теңдеуі өзінің құрамы жағынан элементар ақпаға арналған Бернулли теңдеуіне ұқсас екендігін айқындадық. Біз элементар ақпаны толық ағын дәрежесіне дейін ұлғайттық деуге болады. Бұл жерде α1 және α2 – кинетикалық энергия коэффициенттері, олардың мәндері ағынның тиісті өтім қимасындағы жергілікті жылдамдықтың өзгеру ерекшелігіне байланысты; олар кинетикалық энергияны орташа жылдамдық арқылы есептегенде болатын ауытқуларды түзетеді.
Суреттен көрініп тұрғандай, Бернулли теңдеуіндегі z1 және z2 мүшелері элементар ақпаның өтім қимасындағы ауырлық орталықтарының салыстыру жазықтығынан (0-0) есептегендегі биіктіктерін, ал және мүшелері тиісті ауырлық орталықтарындағы сұйық қысымын көрсететін пьезометрлік биіктіктерді білдіреді; (4.12)
мұны жылдамдық арыны деп атайды. , биіктіктерінің қосындысы толық арын деп аталады және Н деп белгіленеді
(4.14)
Демек толық (гидродинамикалық) арын дегеніміз потенциалдық арын мен кинетикалық арынның қосындысы болып табыладыСонымен, тұтқырлы элементар ақпа үшін, Бернулли теңдеуін мына түрде жазса да болады
Пьезометрлік еңістік деп потенциалдық арынның ұзындық бірлігіне келтірілген өзгерісін айтады. Жоғарыда айтылғандай, гидравликада салмақ бірлігіне үлесті энергияны арын деп атайды, сондықтан да Бернулли теңдеуін геометриялық жағынан талдағанда мына түрде жазған тиімді
. (4.43)
Мұндағы - І-І қимадағы ағынның толық арыны;
- ІІ-ІІ қимадағы ағынның толық арыны;
- І-І және ІІ-ІІ қималар арасындағы арын шығыны.
Ағынның толық арынына НТ арналған өрнек былай жазылуы мүмкін
Мұндағы - потенциалдық арын;
- кинетикалық арын немесе жылдамдық арыны.
Өздік бақылау сұрақтары
Жатық ( баяу) өзгермелі сұйық қозғалысы дегеніміз не?
Тұтқырлы сұйық ағыны үшін Бернулли теңдеуін көрсет.
Пьезометрлік еңістік дегеніміз не?
Қолданылған оқулықтар 1 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б
2 Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.
3 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б
4 Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.